Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында “Көше FEST” байқауы ұйымдастырылды.

Екі кезеңнен өткен байқауда үміткерлер алдымен өз көшелерінің тарихын бейнеролик арқылы таныстырса, екінші кезеңде өнер жарыстырып, наурыз тойы негіз болған театрландырылған қойылымдарын көрсетті.

Байқауда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев бастаған қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Титов қыстағынан келген Ш.Құдайбердіұлы атындағы көшенің өнерлі тұрғындары лайық деп танылды. Ал І орынды Қызылжарма ауылының Қ.Сексенбаев көшесінің тұрғындары жеңіп алды. Жүлделі ІІ орын Қараөзек ауылының Ж.Маханбетов атындағы көше тұрғындарына бұйырса, Талсуат ауылының А.Құнанбаев атындағы көше тұрғындары ІІІ орынды қанағат тұтты.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Тағы да оқыңыз: