Kyzylorda-news.kz. Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 25 сәуірде сайланған депутатты тіркеу туралы» қаулысын қабылдау бойынша отырысы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12, 45, 46 және 82-баптарына сәйкес, Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы хаттамасының және «Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 25 сәуірде болған сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 26 сәуірде №26/30 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамовты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеуге қаулы етті.
Сондай-ақ осы күні Орталық сайлау комиссиясында Н.С.Байқадамовқа Қазақстан Республикасы Парламент депутатының куәлігі мен төсбелгісін табыс етті.