Kyzylorda-news.kz «Руханият» орталығында ғұлама, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абайға оралу – болашаққа жол» атты әдеби кеші өткізілді.
Тағылымды кеш ұлы ойшылдың шығармашылығын қайта танып, заманауи қоғаммен сабақтастыруға бағытталды.
Әсерлі прологтан бастау алған кеште Ұлы ақынның 17-ші қара сөзі сахналық шеберлікпен сомдалды.
Әдеби кеш Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріне әдеби шолу, TEDx форматындағы жастардың «Абай – бүгінгі өмір айнасы» ой толғауы, ақынның шығармаларын мәнерлеп оқу, әндерін орындау , Абай нақылдарына құрылған пікір алмасу алаңы, көрерменмен өзара сұхбат арқылы рухани байланыс орнату бағытында өткізілді.
Абайдың күйге деген талғамы – оның рухани тереңдігін көрсететін тағы бір қыры дей отырып, Арал ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның Құрметті журналисі Жақып Жұмабай ұлы ақынға арнаған «Қараңғы түнде тау қалғып » күйін орындады.
Жергілікті ақын, журналист әрі мәдениет қайраткері Базаралиев Оңталап Ералыұлы, аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы Сайлауов Айдар Абайдың 180 жылдығына орай өз жүрек жарды жыр шумағын ақтарса, оқырмандар Абайдың өлеңдерін жүрек тебіренте орындады.
Кеш соңында шараға қатысушылар Абайдың даналық мұрасын жүрекпен сезініп, оның ой-тұжырымдарын қазіргі өмірмен байланыстыра келе, өз ойларын ортаға салды.