Kyzylorda-news.kz. Халқымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қыздың ибалы, инабатты болуымен қатар, оның бойындағы табиғи дарынын ашу, ісмерлікке баулып, білімді, жан-жақты болуға үйретудің астарында үлкен мән жатыр. "Университет аруы - 2024” байқауының мақсаты да қыз баланың тәрбиесіне үлес қосу.

Байқауда бақ сынауға іріктелген 11 бойжеткен «Ас - адамның арқауы” атты I-кезеңге қатысты. Онда арулар өздері пісірген түрлі дәмдерді жәрмеңкеге әкелді. Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі алтын ұясының ұйытқысы, ұлтымыздың анасы. Бірінші кезеңде ұйымдастырушылар қыздардың асты шебер әзірлеудегі іскерліктерін байқады. “Университет аруы - 2024” байқауында жеңіске жеткісі келетін ақылына көркі сай сұлуларымыз әрі қарай екінші кезеңде бақ сынайтын болады.

Тағы да оқыңыз: