Kyzylorda-news.kz   Қазіргі таңда Қармақшы ауданында мәдениет және спорт бөліміне қарасты Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі, Көшеней Рүстембекұлы атындағы аудандық жыраулар үйі, 18 кітапхана, 1 спорт клубы және кент, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 1 мәдениет үйі мен 13 клуб, барлығы 35 мекеме халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Аудан бойынша мәдениет ұйымдарында барлығы 109 үйірме жұмыс жасайды. Оның ішінде 100 үйірме аудандық мәдениет үйлері мен клубтарына қараса, 9-ы аудандық жыраулар үйіне қарасты үйірмелер. Үйірмелерге барлығы 1436 мүше тартылған, оның 1274-і мәдениет үйлерінің үйірме мүшелері болса, 162-і жыраулар үйінің үйірме мүшелері. Өткен жылы үйірме мүшелері 15 республикалық байқауға, халықаралық 3 байқауға, облыстық 42 байқауға қатысып, республикалық байқаудан 4 бас жүлде, 14 бірінші орын, халықаралық байқаудан 3 бас жүлде, 1 екінші орын, облыстық байқаудан 6 бас жүлде, 10 бірінші орын, 11 екінші орын иеленген болатын, – дейді Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Мырзабаев. 

Аудан бойынша  мәдениет саласында былтыр 1379 мәдени шара өткізіліп, оған барлығы 118788 көрермен қамтылған екен. Оның ішінде аудандық мәдениет үйінде 83 мәдени іс-шара, жыраулар үйінде 101 мәдени іс-шара, кітапханаларда 525 іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, ауылдық мәдениет және клуб үйлерінде 670 шара өткізілді. Атап айтқанда Шәмшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен жоғары дәрежелі ұстаз, тыл ардагері Ақбалыш Жалғасованы еске алу құрметіне орай «Ұстаз – Ана» атты облыстық ақындар мүшәйрасы, сәуір айында Қали Шыңғыстың 95 жылдығына орай «Сырымды жеткіз, жырларым»атты аудандық онлайн көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, 15 қыркүйекте Қазақстандағы отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы – өмір аясы» атты аудандық жас отбасылар өнер байқауы, 18 тамызы күні Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Білікті маман – ел болашағы» атты мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары әдіскерлерінің облыстық байқауы, Қазақ ССР-нің Журналистер одағынын мүшесі, ақын, ұлағатты ұстаз Шыңғысов Мұхамбетқали Айдынәліұлының 95 жылдығына орай «Жүректегі жазулар» атты монолог оқу шеберлерінің облыстық байқауы және де Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» тақырыбында облыстық қыз-келіншектердің жыр фестивалі, 27 сәуір күні Ақтөбе ауылдық мәдениет үйінде жырау Молдахмет Дабыловтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Молдахмет – жырдың жорғасы» тақырыбында облыстық жас жыршы-термешілер байқауы, Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, жырау Жалғасбай Тұяқбаевтың 115 жылдығына арналған «Жалындап өткен жыр ғұмыр» атты облыстық ақын, жыршылар фестивалі, «Қорқыттан қалған қоңыр үн – ҮІІІ» атты облыстық балалар шығармашылығы байқауы, 22 маусым күні Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен «Қара өлеңнің дүлдүлі – Гүлбарам ақын» атты облыстық жыр мүшәйрасы,Сыр сүлейлерінің мұрагер ұрпағы, ақын, шежіреші Әлімбай Әлиасқаровтың туғанына 115 жыл толуына орай «Сырдан шыққан шежіреші ақын – Әлімбай» атты облыстық жас жыршы-жыраулар фестивалі, даңғайыр жырау Көшеней Рүстембековтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың күміс көмей Көшенейі» атты облыстық жас жыршылар байқауы, Мұхамбетқали Шыңғысовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жыр жазамын жүрегіммен...» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы атты облыстық мәдени шаралар өз деңгейінде өткізілді.
Сонымен қатар Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен Қармақшы ауданының 95 жылдық тарихын дәріптеу мақсатында «Құт қонған қасиетті Қармақшым» атты республикалық ақындар айтысы және Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде «Қасиетті мекен – Қармақшым» атты аймақтық жыршы-жыраулар фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 

Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Сыр сүлейі, даңқты шайыр дүр Омар Шораяқұлының 145 жылдығына арналған «Сөйле тілім жосылып...» атты облыстық жыршы- жыраулар фестивалі, Сыр сүлейі, ақын Наурызбай Айтуарұлының 130 жылдығына арналған «Өлеңнің өрен жүйрігі...» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы мен Сыр сүлейі, шарықтау дауысты дарабоз жырау Тұрымбет Салқынбайұлының 155 жылдығына арналған «Талайды таңырқатқан – Тұрымбет жырау» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалдері ұйымдастырылды.

Аудан, ауыл тұрғындарына мемлекеттік жүйедегі 18 кітапхана кітапханалық қымет көрсетеді. Олар: 1 – орталық, 1 – аудандық балалар, 1-қалалық, 1 – кент кітапханасы, 14 – кітапхана ауылдық жерлерде орналасқан. Оның жетеуі модельдік ауылдық кітапханалар. Атап айтар боласқ, Ақай, Дүр Оңғар, Тұрмағамбет, Төребай би, Ақтөбе, Қармақшы, Қызылтам ауылдарына орналасқан. Екі онлайн орталығы ІІІ Интернационал ауылдық округі мен Төретам кентінде бар. Екі мультимедиялық-модельдік орталық Ақай және Дүр Оңғар ауылында бар. Сонымен қатар, 18 кітапханада COWORKING орталығы бар. Былтыр орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 433260 дана кітап қоры мен баспасөз басылымдарын 22547 оқырман пайдаланды. Жалпы келушілер саны – 183829. Берілген кітап саны – 408585 дананы құрады. Келіп түскен жаңа кітап саны – 3415. 2020 жылдың газет-журналдарының шығысқа шыққаны – 1659 дана. Оқырмандар арасында 525 іс-шара өткізілді, қатысушылар саны – 10915. Түрлі тақырыптарда 454 кітапкөрмелері ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.Сандық форматқа салынған кітаптар саны – 15 дана, беті – 3284. Кітапханаларда оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуға шақыру мақсатында  «COWORKIHG» орталықтары жанынан ашылған  «Қылқалам», «Бояулар сыры» сурет үйірмесі, «Тоғызқұмалақ», «Шебер қолдар» тағы басқа. үйірмелер жұмыс жасайды, – дейді Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Мырзабаев. 

Қармақшы ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 20 495 адам, аудан халқының 39,3 % құрады Аудан тұрғындары 11 олимпиадалық (ауыр атлетика, баскетбол, бокс, волейбол, жеңіл атлетика, дзюдо, каратэ-до, қол добы, таэквандо, үстел теннисі, футбол), 4 ұлттық спорт түрлері (бес асық пен асық ату, қазақша күрес, тоғызқұмалақ), 7 олимпиадалық емес спорт түрлерімен (белбеу күресі, гір спорты, дойбы, кикбоксинг, қол күресі, самбо күресі, шахмат) шұғылданады.

Аудан бойынша былтырғы жылы барлығы 283 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 20 145 спортшы қатысқан. Атап айтар болсақ: ауқымды шараларға Наурыз мейрамы қарсаңында, «Нашақорлыққа жол-ЖОҚ!» атты аудандық мектеп оқушылары арасындағы «Көңілді старт» жарысы, ұлттық спорт түрлеріне, ойын түрлерінен және жекпе жек спорт түрлерінен іс-шаралар өткізілді. Аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында  18-алтын,15-күміс, 18-қола медальды жеңсе, Әлем біріншілігінде 4 алтын, 4-қола, Европа Кубогында 1-күміс медальді жеңіп алса, Азия чемпионатында 1-алтын, 1-күміс, 3-қола медальді жеңіп алды І разряд нормативін 11 спортшы, Қазақстан Республикасынына спорт шеберлігіне үміткер – 88,  «Қазақстан Республикасынына спорт шебері» атағын 4 спортшы, «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын 2-спортшы иеленді.

Аудан бойынша 142 спорттық нысандар бар. Атап айтар болсақ, 1-стадион, 2-спорт кешені, 6-ату тирі, 82-жазықтық құрылғылар (оның ішінде 23-жасанды алаңдар), 3-теннистік корттар, 30-спорт зал, 18-жапсарлас спорттық залдар болып табылады. Сондай-ақ аудан көлемінде балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерінде және спорт клубта барлығы 2273 жастар мен жасөспірімдер қамтылып отыр. Бұл аудандағы жасөспірімдердің 17,6 пайызын қамтиды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2021 жылғы Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын ашу туралы бұйрығына сәйкес үстіміздегі жылы аудан орталығында «Жалын» спорт клубы, «ТАНК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Ақтөбек және Дүр Оңғар а/о), мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыс жасады. Оларда 5-16 жас аралығындағы 289-жеткіншектер мен жасөспірімдер  спорттың бокс, дзюдо, қазақ күресі, үстел теннисі және шахматүйірмелерімен қамтыды.

Өткен жылы Әлеуметтік тапсырыс негізінде аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен қамту бағытында 12 195,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, «Орда әскери патриоттық клубы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып танылды. Бұл бағытта аудан бойынша 27 штат бірлігіменспорт нұсқаушылары жұмыс жасады. Спорт нұсқаушылар өз аймақтары бойынша жұмыстарын жалпы білім беретін мектептердің спорт залдары мен алаңдарын пайдаланып шұғылданушылар санын 4860-қа жеткізді.

Құрылыс жұмыстарына келсек, былтырғы жылы Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты қалалық кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 855,9 мың теңге бөлініп, «АлиПроектConstruction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар аудан орталығындағы денешынықтыру, сауықтыру кешенін табиғи газға ауыстыру үшін 56 млн. теңге қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оған қоса 7099,0 мың теңгеге осы нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса ІІІ Интернационал ауылында құны 409 241,0 мың теңге және Дүр Оңғар ауылында құны 401 657,0 мың теңгеге «Спорт кешендерінің» құрылыстары жүргізілуде. 

Тарихи мәдени ескерткіштерге келер болсақ, Қармақшы ауданы бойынша  бүгінгі күні 84 тарих және мәдениет ескерткіштері мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 6-ы республикалық маңызы бар, 42-і жергілікті маңызы бар, 36 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізіміне енгізілген. Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштері бойынша  қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғат ландшафт аймақтарын белгілеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл жұмыстар ауданда 2014 жылдан бері қолға алынып, 22 ескерткіштің қорғау аймағы белгіленді. Нақтырақ айтқанда, аудандық бюджеттен Қорқыт ата ескерткіш кешенінің қорғау аймақтарын белгілеу жұмыстары жүргізілсе, облыстық бюджет есебінен 21 ескерткіштің қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғат ландшафт аймақтарын белгілеу жұмыстары жүргізілді. Олар: (Моншақты асар қалашығы, Жетіасар қалашығы (Алтынасар), Тас асар қалашығы, Жалпақ асар қалашығы, Жаман асар қалашығы, Қара асар қалашығы, Базар асар қалашығы, Томпақ асар қалашығы, Бидайық асар қалашығы, Тік асар (жеті асар №10) қалашығы, Райынсай (Бұзық асар) қалашығы, Қурайлы асар қалашығы, Шірік-Рабат қалашығы, Бәбіш-Молла қалашығы, Үлкен Қос асарқалашығы, Кіші Қос асар қалашығы, Жол асар қалашығы). Қазіргі уақытта осы қорғау аймағы белгіленген 1 ескерткіш – Қорқыт  ата ескерткіш кешені толығымен қоршалды.
Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің шешімімен2014 жылы облыстық бюджеттен алғаш рет аудандағы Шірік Рабат қалашығына қазба жұмыстары бастау алса, 2018 жылы Сортөбе, былтырғы жылы облыстық бюджеттен Бәбіш Молла қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.

Қазба жұмыстары аясында маңызды мәдени нысандар ашылып, Сыр өңірінің археологиясы тың деректермен толықтырылуда. Қазіргі уақытта қазба жұмыстарымен ғана шектелмей, ашылған нысандарды сақтау, қалпына келтіру шаралары қоса жүргізіліп, табылған құнды жәдігерлер облыстық, аудандық музей қорына жинақталуда.

2023 жылы Жергілікті маңызы бар Абыла желдиірменіне аудандық бюджеттен құжаттандыру (техникалық паспорт, жер актісі, мемлекеттік сатып алу)жұмыстарына 144,5 мың теңге, ал Дүр Оңғар ескерткіш кешені мен Қорқыт мазарының орнына 174,4 мың теңге қаржы бөлініп, коммуналдық меншік иесі тарапынан тиісті жұмыстары атқарылды.

Тілдерді дамыту мен қолдану саласына келер болсақ, 2023 жылы Жосалы кенті бойынша 103 объекті (дүкендер, жарнама агенттігі, мейрамхана, салондар, тағы басқа) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бап талаптарына сәйкес кәсіпкерлік нысандарға ақпараттық түсіндірме насихаттық жұмыстары жүргізілді.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы бойынша  маңдайшалардың, жарнамалардың, тағы басқа  да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазуға болатынын көрнекі ақпараттың барлық мәтінін орналасу тәртібі жөнінде айтып түсіндірілді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабын және маңдайша жазулар мен көрнекі ақпараттардың мәтіндерін жазу және орналастырудың схема-үлгісі екі тілде таратылды.

2023 жылы Қармақшы ауданы бойынша  қазақ тілі курсын 128 қызметкер, орыс тілі курсын 78 қызметкер, барлығы 206 қызметкер бітіріп сертификат табысталды.

2023 жылы аудан көлемінде жүргізілген мониторинг бойынша кіріс құжаттарының саны 60884 болса, олардың 60739 мемлекеттік тілде келген құжаттар екендігі анықталып отыр. Бұл кіріс құжаттарының 99,8% пайызын құрайды. Шығыс құжаттары 28100 болса, олардың барлығы да (99,9%) мемлекеттік тілде. Сондай-ақ, ішкі шығыс құжаттары да толығымен 28082 мемлекеттік тілде орындалған.

Тағы да оқыңыз: