Kyzylorda-news.kz. Бүгін аймақтағы балалар мен жастар шығармашылығын насихаттау, классикалық шығармалар мен эстрадалық ән салу жанрында өнерпаздардың орындаушылық шеберліктерін арттыру мақсатында тұңғыш рет Сыр елінің киелі сахнасында әнші-ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетова атындағы «Сыр бұлбұлдары» атты облыстық әншілер конкурсы бастау алды.

Конкурсты Қызылорда облысының мәдениет басқармасының басшысы Руслан Рүстемұлы ашып бұлбұл әнші Бибігүл Төлегеновадан дәріс алып, ұстазына ұқсап, өзі де қазақ ән өнерінің көгінде шарықтаған, талғампаз елдің есінде сахнадағы саф даусымен қазақ және шетел композиторларының классикалық әндері мен романстарын ешкімге ұқсамайтын мәнермен ерекше орындайтын дауыс иесі Қаракөз Ақдәулетованың өнер жолындағы жарқын сәттеріне тоқталып, конкурсқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шығармашылық өмірінде талай таланттың танылуына жол ашып, осы жолда бар күш-жігерін, талантын аямай жұмсап, өзі өмірден өтсе де халқының ұлттық өнері мен мәдениетін әлемге танытқан шәкірттері Сыр мәдениетінің дамуына, руханият қоржының толысуына аянбай қызмет жасап келе жатыр.

Осы орайда, музыкалық мәдениетке, еліміздегі вокалдық өнерге зор үлес қосқан ұстаздың есімін ұлықтау, шығармашылық жолын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының жанынан ашылған балалар студиясына 2021 жылы Қаракөз Ақдәулетованың есімі берілді.

 

314735973_3253050161615135_5393709760436913000_n.jpg

315648991_3253050058281812_4101406883588754336_n.jpg

Тағы да оқыңыз: