Kyzylorda-news.kz. Бүгін оқушылар сарайында шаһар басшысының балғын бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шыршасы өтті.

Ғажайып мереке биылғы жылы «Жаңа жыл - жаңа бақыт, жаңа үміт» тақырыбында ұйымдастырылып, оқушылар сарайы бүлдіршіндер үшін жаңалық пен жұмбаққа толы таңғажайып ертегілер мекеніне айналды.

Жаңа жылдық мерекелік іс-шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасының балалары, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және білім, өнер, спортта жетістіктерге қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 100 бала қатысты.

Жаңа жылдық шырша салтанаты оқушылар сарайының өнерпаздары әзірлеген қойылымымен басталды. Ақшақарлар мен роботтар биі, алып кемемен жұмбақ әлемге жол тартқан саяхатшы балалар көрінісі мерекенің көрігін қыздырып, қатысушыларды ерекше әсерге бөледі.

Қызықты кешке жиналған балалар Жаңа жылдық шыршаның басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп, керемет сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, Аяз ата әлеуметтік желіден тікелей эфирге шығып, балалармен бірге аймақ тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мерекелік іс-шарада қала әкімі Асылбек Шаменов: "Айналайын бүлдіршіндер! Шаһарымыздың өздеріңдей білімді де талапты жастары әлемнің ең озық оқу орындарында білім алуда, спорт саласында биік белестерді бағындырып чемпион атануда, басқа да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп Сыр елінің абыройын көтеруде. Сол аға-әпкелеріңнен үлгі алып, зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Жаңа жыл өздеріңе де, сендерді мәпелеп өсіріп отырған ата-аналарыңа да тек жақсылық әкелсін» – деген жүрек жарды лебізін жеткізді.

Сонымен қатар, шаһар басшысы балаларға сыйлықтар табыстап, арнайы әзірленген жаңа жылдық тортты үлестірді. Кеш Бүлдіршіндер мерекелік дастарқаннан дәм татып, жаңа 2023 жылға ерекше көңіл күймен қадам басты.

322331075_1212444446322037_7891882646395263781_n.jpg

 

322258462_717377019614300_4117301464037771563_n.jpg

 

322127000_3534352710119804_2467690473192234860_n.jpg

 

322302469_903950497297212_2864775412884375211_n.jpg

 

322143435_679671530312977_8087633622699213926_n.jpg

 

320546986_494384516013419_8791485912241369299_n.jpg

 

322096999_543565777822399_3087941876631150643_n.jpg

Тағы да оқыңыз: