Фото: Коллаж МКС

Kyzylorda-news.kz. Соңғы 5 жылда отандық кино түсіруге 23 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлініп, 100 фильм жарық шыққан. Алайда фильмдер тек мемлекетке шығын әкелумен шектелген. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев айтты.

Бес жылда 100 фильм 22.800.000.000 теңгеге түсірілген. Олардың есеп берулерінде еш мін табылмаған. Сол фильмдердің бірсыпырасы кинотеатрдың сатылымына шыққан. Енді солардың жинаған кассасын қараңыздаршы. 30 жылда бюджет ақшасына 600-дей фильм түсірілген екен. Соның тек біреуі «Дос-Мұқасан» фильмі ғана кеткен шығынды ақтаған. Ал, қалғаны дым пайда әкелмеген. Оның қасында жеке қаражатқа түсірілген «Дәстүр», «Таптым-ау сені» мен «Бизнес по-казахский» миллиардтап касса жинауда, - деді Мәжіліс депутаты.

WhatsApp Image 2024-01-17 at 16.01.54.jpeg

Фото: daulet_mukayev парақшасынан

Тағы да оқыңыз: