Kyzylorda-news.kz. Әлемде ескерткіштерден көп нәрсе жоқ. Бірақ маңыздысы мынада: Сол ескерткіштердің барлығы да құнды ма? Қалай айтсақ та, ескерткіштің аты – ескерткіш. Десек те, әдеттегідей емес, олардың бір түрлі болуында. Мүсін өнерінде таңқаларлық немесе өзгеше туындылар бар. Ал сол туындылар көпшілік көп жүретін көшеде тұрса ше...

КІР ҚЫСТЫРҒЫШ

Адам мән бере бермеуі мүмкін. Қарапайым тұрмыстық заттың өзі де көпшілік назар аударатын құндылыққа айнала алады. Өйткені суретшілер мен мүсіншілерді қарапайым нәрсенің өзі шабыттандырады. Мысалы, Фидафельфияда биіктігі 15 метр болатын кір қыстырғыш бар. Cарапшылардың бағалауынша, бұл да өнер туынды­ларының бірі. Өтіп бара жатқан адамдар «бұл қарапайым нәрсе  ғой» деп  ойлауы да ықтимал. Алғашқы кезде 15 метр кір қыстырғышқа күліп те қарағандар болды. Көпке дейін жұртшылық бұған көз үйрете алмай да жүрді. Ал қазір ше? Әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар осы ескерткішті іздеп барып суретке түседі.

Аталған ескерткішті мүсінші Клаус­ Ольденбург 1976 жылы тұрғызды. Мұндай ерекше ескерткіштер әлемде біреу ғана. Ал Клаус Ольденбург сонымен қатар күрек, сыпырғыш сияқты қапрапайым тұтынатын зат­тарға ескерткіш тұрғызған мүсінші. Бір қызығы, күнделікті тұты­натын мұндай таңқаларлық ерекше ескерткіштер ақындарды да шабыт­тандырған. Кір қыстырғышқа арнап Леонида Сорок өлең жазған көрінеді.

ҚАҢҒЫБАС КІСІ

Бұл, әрине, жақсы мағынасында жасалған туынды. Жерорта теңізінің жағасында суға қарап бір қияли адам отыр.Ол тізесін құшақтап алып, ойға шомған.Бір қызығы, адамның қаңқасын құраған мүсін толықтай латын қарпінен құралған. Бұл не мағына береді? Теңізге қарап, ойланып отырған қаңғыбас адам мұнда неге отыр? Мұның себебі бар. Мұны жасап шығарған мүсінші Жом Планс. Айдынға қарап отырған адам –бостандық символы. Ой шексіз. Адам да еркін болуы керек. Мүсіншінің мақсаты да осы. Ал оның денесіндегі әріптер нені білдереді? Бұл – тәжірибе, ой, жұмыс, сезім. Ендеше теңіз жағасында отырған адамның отырысы тегін емес. Ол ойға шомып отыр.

s1200-2-1.jpg

ДУНАЙ ЖАҒАСЫНДАҒЫ БӘТЕҢКЕЛЕР

Дунай өзенінің жағасында жүзде­ген бәтеңке жатыр. Жаз айында алыстан көрген адамдар мұны суға түсіп жүрген адамдардың құрме­тіне қойылған деп ойлауы бек мүмкін. Бірақ мұның трагедиялық, символ­дық мәні бар. Бұл бәтеңкелер соғыс уақытында атылған холокост құрбан­дарын еске түсіреді. Бұл идеяны та­лантты режиссер Кен Тогай айтқан көрінеді, Ал оны жасаған мүсінші Дью Пауэр. Ендеше бәтеңкелердің су жағасында жатуы тегін емес. Соғыс уақытында еврейлерді осында қатарға тұрғызып қойып атқан. Атылар алдында тұтқындардың аяқ киімін шешу талап етілген. Бұл ауыр тағдыр, трагедиялық жайтты еске түсі­ретін оқиға. Жылдың қай мезгілі бол­масын, жүздеген туристер келіп, үнемі бәтеңкелердің жанында суретке түседі.

3a9ecd6427765d0672db5ff0fb2dab9c.webp

БАҒДАРШАМЫ БАР АҒАШ

Бағдаршамы бар ағаш бірінші рет Лондон көшелеренің жолайрығына орналастырылды. Бұл туындының авторы француз мүсіншісі– Пьер Виван. Бағдаршамы бар ағаштың биіктігі – 8 метр. Ағаштың жапырақ­та­рында 75 бағдаршам бар. Олар бі­рінен кейін бірі кезекпен жанып, сөніп тұрады. Лондондықтар мұны қонақжайлылықтың мәні деп түсіндіреді.

sausak.jpg

ЕН ДАЛАДАҒЫ САУСАҚ

Бұл Атакама шөлінде орналасқан. Бұл туындының авторы – Марио Иррарасабаль. Чили мүсіншісі тұрғызған бұл ескеркіштің биіктігі 11 метр.

Бұл ен даладағы алып адамның саусағын елестеткендей. Бұл мүсінді орнатудағы мақсат не? Адам баласы табиғаттың алдында дәрменсіз. Сон­дықтан қандай жағдайда қара­мас­тан, біз табиғатты қорғауға тиіспіз.

celovek3-800x600.jpg

ҚАБЫРҒАНЫ ЖАРЫП ШЫҚҚАН АДАМ

Бұл ерекше туынды, адамды алғаш көргенде таңқалдыратыны да сөзсіз. Мұны бірінші рет көрген адам «неге қабырғадан шығып келе жатқан адамды, ескеркішке айналдырған?» деп ойланары сөзсіз. Бұл жазушы Марсель Эмеге арнап тұрғызылған. Ескерткіштің ашылу салтанаты 1989 жылы өткен. Ол Монмартр шағын ауданында орналасқан. Анығын айтсақ, ескерткіш жазушының «Қабырғаны жарып шыққан адам» романына арнап тұрғызылған. Шын мәнінде бүл ескерткіш қабырғаны жарып шыққан жазушының шын бейнесін суреттегендей. Ескерткіш қоладан жасалған. Аңызға сенсек, бұл ескерткішті ала­қанымен аялаған адам бақытқа қол жеткізеді, ал ақын, жазушы, өнер адамдарын шабыттандырады. Ұлы жазушыға арналған туындыны киноактер Жан Маре жасаған көрінеді.

Жалпы әлемде мұндай қарапайым туындылар өте көп. Оларды ерекше туындылар немесе «қарапайым ес­керт­кіштер» деп атайды. Тек оған мән беріп, назар аударып, қарай алу керек.

«АНА ТІЛІ» газеті

Тағы да оқыңыз: