Фото: ашық дереккөзден
Kyzylorda-news. Типографиялар журналист Данияр Молдабековтің Қаңтар жайлы кітабын басудан бас тартты деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі.
Бұл жөнінде журналист Telegram арнасында хабарлады.
- Менің Қаңтар жайлы кітабымды басуды қолға алған баспа, барлық типография кітапты басудан бас тартқанын хабарлады. Алдын ала тапсырыс бергендерге ақшаларын қайтарып береді. Кітапты міндетті түрде басып шығарамын, тек қашан, қайда және қалай екенін ойластыру керек, - деп жазды журналист парақшасына.
Ол алдыңғы жазбаларында Құқық қорғау органдарының кітапты оқуға сұрағанын және кітабы шығатын баспаханға келген айтқан еді.