Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының тұрғынының танысы сеніміне кіріп ұлын «жұмысқа тұрғызып беремін» деп жалпы соммасы 448 мың теңге ақшасын алған. Бірақ осы күнге дейін уәдесін де орындамай, ақшасын да қайтармай жүрген.

Жедел іздестіру шараларының барысында күдікті анықталды. Ол 39 жастағы қала орталығының тұрғыны болып шықты.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: