Фото: slovoidilo.ua
Kyzylorda-news.kz. 22 желтоқсанда Қазақстан аумағы үшін синоптикалық жағдайдың және қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамы бойынша республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтал бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанда тұман, көктайғақ, екпінді жел, солтүстікте қар жауады.
Қызылорда облысының батысында, шығысында және орталығында тұман сақталады, жолдарда көктайғақ сақталады. Түнде және таңертең облыстың шығысында секундына 15-20 метр шығыстан соғатын жел соғады. Қызылордада 22 желтоқсанда кей жерлерде тұман сақталады, жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтіледі.