Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктері 28 шілде, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ, дауыл болады. Тек оңтүстікте және батыста жауын-шашын жоқ, күн ашық.
Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстікте, солтүстік-батыста тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.