Kyzylorda-news.kz. 17-наурыз күні Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жауын жауады (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-батысында, батысында-шаңды дауыл тұрады.