Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан өңірлерінде құбылмалы күн райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елдің барлық аумағында жел күшейіп, тұман болжанады. Сондай-ақ солтүстік-батыста, солтүстікте жаяу бұрқасын болады, батыста, солтүстік-батыс пен солтүстікте көктайғақ күтіледі. 

Қызылорда облысында көшпелі бұлт болады. Ауа температурасы +11 +13 градусты көрсетіп, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Тағы да оқыңыз: