Kyzylorda-news.kz. Атлантикалық циклон жырасының әсерінен Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысы атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстан бойынша желдің күшеюі, солтүстік, батыс, шығыс, орталығында – жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік, батыс, орталығында - тұман, Түркістан облысының күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі.

Тағы да оқыңыз: