Kyzylorda-news.kz. Бүгін республикамыздың басым бөлігі оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Осыған байланысты ауа райы құбылып тұрады - жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста кей уақыттарда қатты (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, желдің күшейеді.

Тек, елдің солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарына әлі де антициклон жотасы өз әсерін тигізіп, күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түседі.

ФОТО

Тағы да оқыңыз: