Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 6 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін ойыңызға не келеді, соны жүзеге асырасыз. Киноға барыңыз, көрме тамашалаңыз немесе үйіңізге қонақ шақырыңыз.

Торпақ

Кез келген шаруаға бас қатырасыз. Ұсақ-түйек тірлікпен айналысасыз. Күніңіз сонымен өтеді. Өзіңізді көп шаршатпаңыз.

Егіздер

Басшылықпен және әріптестермен тіл табысу қиынға соғады. Бұл қиындықтан шығуға достарыңыз көмектеседі.

Шаян

Бүгін ешкісге сенбеңіз. Тіпті жұлдызнамаға да сенуге болмайды. Сондықтан түйсігіңіздің айтқанын істеңіз.

Арыстан

Аяқталмаған жұмысты үйге алып кетіңіз. Сонда ғана берілген тапсырмаларды тез орындай аласыз. Тапсырма бастан асады.

Бикеш

Бүгін барлығы өз жоспарыңыз бойынша жүзеге асады. Жұмысыңыз нәтижелі болмақ. Жұмыста белсенді болыңыз.

Таразы

Серіктесіңізге көп сенім артпаңыз. Тек өз күшіңізге сеніңіз. Сонда ғана барлық кедергілердің алдын аласыз.

Сарышаян

Бүгін маңызды әрі жауапкершілікті қажет ететін шешім қабылдамаңыз. Өйткені шешіміңіз оң нәтиже бермейді.

Мерген

Бүгін ешқайда асықпаңыз. Әсіресе сүйікті адамыңызға көңіліңізді білдіруде асығыстық жасамаңыз.

Тауешкі

Бүгін өзгелерді ойлап бас қатырмайсыз. Қайта олар сізді ойлайтын болады. Сонымен қатар оларға сізді мазалауды сұраңыз.

Суқұйғыш

Бүгін көпшіліктің ортасында жүріңіз. Қоғаммен тығыз байланыста болыңыз. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адасыңыз.

Балықтар

Бүгін екінші жартыңызды табасыз. Екеуіңіздің көзқарасыңыз бір жерден шыққаны дұрыс. Сонда ғана түсініспеушілік орын алмайды.

Тағы да оқыңыз: