Kyzylorda-news.kz. «АМАNAТ» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасын орындау мақсатында Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Жалағаш аудандық отбасын қолдау орталығы” КММ 2023 жылдың тамыз айында құрылған болатын.

Орталықтың теңгеріміне Жалағаш кентінің Конституция №5 көшесінде орналасқан 1978 жылы салынған екі этажды ғимарат және бір этажды ескі зертхана ғимаратын бу қазандығы ретінде берілген.

Жалпы екі этажды ғимараттың ауқымы 3341,6 шаршы метр, қабырға материалы ақ қыш, ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Тозу құны 27,2 пайызды құрайды.

Ондағы ең басты проблемалық мәселе ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және жылу қазандығын табиғи газ жүйесіне қосу. Орталықтың негізігі мақсаты жағдайы төмен отбасыларды толық сүйемелдеу, қиын жағдайдан шығару және қажет болған жағдайда әйелдердің уақытша тұру үшін орын беру болып табылады. Сонымен қатар қолайсыз өмірлік қиын жағдайларға тап болған, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болған адамдарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырады. Ғимаратқа адамдар тұру үшін толық жағдай жасалмаған.

Ғимараттың жылу қазандығыда сын көтермейді, 2023 жылы дизель отынды бу қазандығы сатып алып орнатылған. Алайда ғимарат әлеуметтік нысан болғандықтан және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында табиғи газ жүйесіне қосуды қажет етеді. Себебі: сұйық отын бағасының тұрақсыздығы және жыл сайын қымбаттауы, жылу беру маусымында жұмсалатын қаржы көлемін тиімді пайдалану және экологиялық таза табиғи газға ауыстыру қажеттілігі туындауда. Аталған жоба жүзеге асқан жағдайда жылу беру маусымы кезінде сұйық отынға жұмсалатын шығындар 6 есеге дейін азаюы күтілуде. Газге ауыстырылған уақытта жылына 440,0 теңге жұмсалады. 

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу жолы ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу және бу қазандығын газ желісіне қосу үшін 2024 жылға бюджет  қаржысы есебінен ЖСҚ  әзірлеуге 15,3млн тенге қаржы бөлу.

Тағы да оқыңыз: