Kyzylorda-news.kz. Қараша айының басында жоғалып кеткен Қызылорда облысы Шиелі ауданының 58 жастағы тұрғыны Тараз қаласының Айша бибі ауылынан табылды.

58 жастағы азаматтың жоғалып кеткені туралы арыз полицияға 2020 жылғы 5 қарашада келіп түскен.  Дереу іздестіру жұмыстары басталып, жоғалған азаматтың суреті бар бағдар Қазақстанның барлық өңірлеріне жіберілді.

Хабар-ошарсыз кеткен азаматты іздеуге ауданның еріктілері де атсалысты. Қарқынды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Шиелі аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері хабарсыз кеткен азаматты Тараз қаласы Айша бибі ауылынан тапты.

Тағы да оқыңыз: