Kyzylorda-news.kz. Облыс орталығына жақын орналасқан елді-мекеннің бірі – Жетікөл. Сырдария ауданына қарасты ауылдық округтің тыныс тіршілігі ауыл шаруашылығымен байланысты. Ауыл халқы жыл сайын егін егіп, оның өнімін қала тұрғындарына ұсынуда. Ауылда бірқатар шаруа қожалықтары елді-мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Осы және басқа да мәселелер туралы ауылдық округ әкімі Өмірбек Тоқпамбетовтың сұхбатын ұсынамыз.

– Өмірбек Ділдахметұлы, аудан орталығынан шалғайда жатқан елді мекеннің тыныс тіршілігі мен өткен жылдың қорытындысы труалы алғашқы сұраққа жауап берсеңіз?

– Аудан орталығынан ең шалғайда орналасқан ауылдық округ Жетікөлде 2022 жылдың қорытындысымен 145 отбасында 676 халық тұрады. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 291 адам. Шағын ауылда 1 тыл ардагері, 72 зейнеткер, 17 мүгедек, 11 «Алтын алқа» және 11 «Күміс алқа» иелері  және 26 жас көпбалалы аналар бар. Жыл бойына  жеке және заңды тұлғалардан барлығы 3 өтініш келіп түсіп, өтініштерге заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді. Ауыл әкімі ретінде 12 жеке қабылдау жүргіздім. Ауылдық округі  әкімі аппаратында  21 шешім, 147 өкім шығарылды. 

Өздеріңізге белгілі соңғы жылы ауыл әкімінің бюджеті қалыптасқан. 2022 жыл бойына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 64237,6  мың теңге болып бекітіліп,  қаржы толығымен 100 пайызға игерілді. 

Өткен жылы ауыл бюджетінің өз кірістері  жоспар бойынша 882 000 теңгені құрады. Атап айтқанда, мүлік салығының жоспары 82 000 теңге, орындалғаны  84 645 теңге, 103,2 пайызға, жер салығының жоспары 3000 теңге, орындалғаны 3450 теңге, 115 пайызға, көлік құралдары салығының жоспары 800 000 теңге, орындалғаны 866 200 теңге болып, 108,3 пайызға орындалды. Салықтық емес түсімдер (мүлікті жалға беру) жоспары 53 000 теңге, орындалғаны 60422 теңге, 114 пайыз.

– Бюджет қаражатын игеруге байланысты атқарылған жұмыстарды тарқатып айтсаңыз?

– Елді-мекенді таза ұстауға қосымша 144 мың теңге қаралып, қаржыға 1 дана контейнер орнатылды. Сонымен қатар елді-мекендегі санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге 444,3 мың теңге, көше жарығын күтіп ұстауға 369,6 мың теңге, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге 286,6 мың теңге, елді мекенді абаттандыруға 471,6 мың теңге, Жетікөл ауылының көшелері бойынша электр желісі құрылысының ЖСҚ-н дайындауға 3 660,5 мың теңге аудандық бюджеттен қаралып, толық игерілді. Сонымен қатар, П.Сахабаева көшесіне

орташа жөндеу жұмыстарына 9930,8 мың теңге, А.Көзейбаев көшесіне орташа жөндеуге 17714,1 мың теңге, Рахменше көшесін орташа жөндеуге 11797,7 мың теңге демеушілік есебінен ЖСҚ дайындалып, 2023 жылға қолдау тапқанын айта өту керек.

– Ауылдық округтегі денсаулық, білім, мәдениет саласының жұмысы жылды қалай қорытындылады?

– Жетікөлде фельдшерлік акушерлік-медицина бекеті халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Бекетте бір медицина қызметкері ауыл тұрғындарының денсаулығын жіті бақылайды. Жыл басынан бері 10 бала дүниеге келіп, ана мен бала қобдишасы берілді. Жалпы қабылдауда 520 адам болса, ауырып келгендері 211 адам. Үйге шақыртып қаралған науқастар – 83, флюорографияға түскені – 229, маммографияға түскені – 22. Қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында скринигтік тексеруден 36 адам өткізілді. Жүрек қан тамыры ауруларымен – 20, диспансерлік есепте тұратын науқастар – 53, КВИ егу жұмыстары бойынша ауылдық округте 139 тұрғын екпе алды. 

Мәдениет саласы бойынша клуб ұжымының ұйымдастыруымен барлығы 44 мәдени, оның ішінде ауданда 1 іс-шара өткізілді. Клуб үйінде «Ән», «Жас қалам», «Қолөнер», «Көркемсөз» үйірмелері жұмыс жасайды. 2022 жыл басынан бері ақылы қызмет көлемі 267,0 мың теңге болып жоспарланып, аталған жоспар100 пайызға орындалды.

Ауылдағы қарашаңырақ №174 орта мектепте 2022-2023 оқу жылында 1-11 сыныптарда 119 оқушы білім алуда. 1 мектепалды даярлық тобы және мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасайды. 

Әскерге шақырушылардың уақытылы көктемгі және күзгі медициналық комиссиядан өтуі қадағаланып, 4 азамат зерделеуден өтті. Жоспар бойынша 2 азаматтың 1-і әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеуде.

– Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша қысқаша тоқталсаңыз?

– Ауылдық округ бойынша 291 экономикалық белсенді халық тіркелген. Жыл көлемінде барлық жұмысқа орналасқандар саны – 39. Оның ішінде 24 адам тұрақты жұмысқа орналасты, ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені 12 адам, 3 адам жастар тәжірбиесімен жұмысқа орналасты. 2022 жылы  атаулы әлеуметтік көмек 3 отбасына тағайындалып, тиісті қаражаттарын алды. Ауылдағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Алиакбар Ата Агро» ШҚ, "Нысан Ата"  ШҚ, «Ерік» ШҚ, «Сраждин» ЖК, «Жетікөл Жері» ЖШС  демеушілік жасап, қайырымдылық іс-шараларына атсалысып келеді.

Елді мекендегі жастар арасында салматты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спорттық  іс-шаралар ұйымдастырылды.

Тұрғындарға ауыз су, аяқ су тұрақты түрде беріліп отыр. 

– Ауылдағы ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталсаңыз?

– Ауылдық округ бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарына  ауыл тұрғындарының есебінде (шаруа қожалықтарындағы малды қоса алғанда) 1252 бас ірі қара, 1254 бас уақ мал, 487 бас жылқы және 1341 бас құс бар. 

2022 жылдың 1 ақпанынан бастап 31 мамырға дейін "Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру" дерекқор базасына тіркелмеген мал бастарын тіркеу үшін "Жасыл дәліз-3" бағдарламасы іске қосылып, жасыл дәліз бойынша  тұрғындардан МІҚ – 246 бас, уақ мал – 147 бас малы дерекқор базасына  тіркелді. 

«Олжа Агро Нұр», «Нұрасыл», «Тұрсынбай диқан» Ш/Қ-ы жоңышқа (суданкі) шөбін және "Алиакбар Ата Агро" шаруа қожалғы 22 гектар жоңышқа, 20 гектар жерге бақша дақылдарын екті. Сонымен қатар ауылдан 22 отбасы бақша өнімдерін екті.

Нәтижесінде картоп – 1800 центнер, көкөніс – 580 центнер, бақша дақылдары  – 4740 центнер, жүгері – 600 центнер, жоңышқа – 3264 центнер өнім алынды. Өткен жылдың мамыр айы ішінде Қызылорда облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының теңгеріміндегі “Жыңғылдыкөл” және “Хозцентр” каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Және де “Жыңғылдыкөл” каналының ГТҚ жөндеу жұмысы жүргізілді.

– Кәсіпкерлікті дамыту бағытында елді мекенде іске асқан жобаларға тоқталсаңыз?

– Ауылдық округте жыл басынан бастап жаңадан тіркелген кәсіпкерлер саны – 3. Ауылдық округ бойынша жалпы тіркелген кәсіпкерлер саны – 51. 

Ауыл тұрғыны Шайымбет Досжан «Микро-бизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие бойынша «МІҚ мал басын көбейту» жобасы арқылы құны 5,0 млн теңгеге қаржыландырылды. Бұл қаржыға кәсіп  иесі мал алып бағуда. «Агро-бизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша Наурызбай Қанат «Уақ мал басын көбейту» (қой)  жобасымен құны 10,0 млн теңге алып мал алып бағуда. «Мереке» ШҚ М.Шортанбаев «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қызылорда облысы филиалыныан 22,5 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал жабдықтарын алды. Досанов Ғалымбек жылқы мал басын көбейту мақсатында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы 15,0 млн теңге қаржы алды. Болатова Гүлжан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «МІҚ мал басын көбейту» жобасы арқылы 1,9 млн теңге алып, мал алып бағуда. «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша «МІҚ мал басын көбейту» мақсатында Үсенова Айгерім, Мұхтаров Бауыржан және Елемесова Айжан 1225,2 мың теңге қаржысын қайтарымсыз мемлекеттік грант арқылы ұтып алды. Сонымен қатар, 4 адам сертификаттарын алды.

2023 жылы "Ұлттық жоба" мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі қайтарымсыз грантқа қатысуға дайын жобалар бар. Олар Искаков Жандос – Наубайхана, нан өнімдерін шығару, құны 3 млн теңге, Әбішева Аймереке – пескоблок шығару, құны 5 млн теңге, Өмірзақов Мұхаммеднұр – бетон тұғырын шығару, құны 5 млн теңге, Сыздықова Әлия – омарта, бал өндіру бойынша, құны 5 млн теңге. Бұл жобалардың барлық тиісті құжаттары дайын. 

2023 жылы одан әрі кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында 43 млн теңге көлемінде несие алуға ниет білдірген тұрғындар тізімі дайындалып, ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан колдау көрсету жұмыстары жүргізілетін болады. 

2022 жылы «Жетікөл-Жері» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі құрылып, Украина елінен келген инвесторлармен бірлесіп, «Көктөбе» аумағынан ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін 500 гектарға жуық жер телімін ашты. Егіс егуге дайындау үшін жүйелі жұмыстар жүргізілді. 10 адам уақытша жұмыспен қамтылды.

– Алдағы уақытта, яғни 2023 жылы атқарылатын жұмыстар туралы айтсаңыз?

– «Жетікөл-Жері» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі өз жұмысын қайта жалғастыратын болады. Яғни, ұсынылып отырған 2000 гектар жерге, өздері ұсынған мәліметке сәйкес 10 гектар арпа, 840 шемішке, 500 гектар күріш, 200 гектар соя, 300 гектар жүгері, 150 гектар күздік бидай дақылын егуді көздеп отыр.  Сырдария өзенінің сағасына барып аяқсу деңгейіне нақтылау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Сырдария өзенінен бастау алатын «Жетікөлжарма» каналына және «Жыңғылдыкөл» каналының 6 шақырым бөлігіне тазалау жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл жұмысты қолға алып отырған «Жетікөл-Жері» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі мен Қызылорда қаласындағы «Байқоңыр» ӘКК» АҚ –ы. 

Сондай-ақ, «Олжа Агро Нұр», "Нұрасыл", "Тұрсынбай дихан" ШҚ 136 гектар жеріне қосымша 150 гектарға жаңа жоңышқа және егістік көлемін ұлғайту мақсатында жеке қаражат есебінен ауылшаруашылығы техникаларын (Комбайн, Т-150 трактор)  алады. Ал, "Алиакбар Ата Агро" шаруа қожалығы да жүгері дақылы мен жаңа жоңышқа егудің көлемін арттырады. 

Жетікөл елді мекенінде жүргізілетін ауқымды жобалардыі бірі – электрмен жабдықтау құрылысы. Ол үшін республикалық бюджеттен 272 191,0 мың теңге, ал облыстық бюджеттен 31,0 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер компания «Универсал Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып анықталды. Осы жылы сәуір айы ішінде басталуы жоспарлануда. Елді мекендегі электр бағаналары мен желілері және тоқ беру трансформаторлар жаңаға ауыстырылады және қосымша 2 трансформатор Асан ата, М.Әуезов көшесі бойына қойылатын болады. 

Облыстық маңызы бар Қызылорда-Айдарлы- Ботабай тас жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жұмысына 1 млрд 300 млн теңге бөлініп тұр. Бұл жұмыс екі кезеңмен жүргізілуі мүмкін. 

Облыстық бюджеттен А.Көзейбаев көшесін асфальттауға 17 714,084 мың теңге, П.Сахабаева көшесін асфальттауға 9 930,875 мың теңге, Рахменше көшесін асфальттауға 11 797,711 мың теңге бөлінді. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуде. 

2023 жылы екі тұрғын үй құрылысы жүргізілетін болады. Аудандық және облыстық бджеттен 27,0 млн теңге қаржы бөлініп тұр. 

Жетікөл ауылдық округі аумағына қатты қалдықтарды орналастыруға байланысты қоршау орналастыруға, жасыл белдеу орналастыру жұмыстары бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылады. Алдағы уақытта елді мекен бойынша өзекті жұмыстарға жобалық сметалық құжаттар әзірленеді. Салық базасын ұлғайту бағытында шараларды қамтамасыз етіледі. Ауыл тұрғындары арасында кәсіпкерлікті қолдау шараларын жүргізу, түрлі бағдарламалар арқылы қаржылық мүмкіндіктерге қолдау көрсету қарқынды жүргізілетін болады.

– Әңгімеңізге, рақмет!

Тағы да оқыңыз: