Kyzylorda-news.kz. Американың OSIRIS-REx ғаламшар аралық станциясы 2018 жылы 17 қаңтарда Жерді суретке түсірді. 

Аппарат бізден 63,6 миллион шақырым қашықта секундына 8,5 шақырым жылдамдықпен алшақтап бара жатқанда Жерді суретке түсірген. Суреттің дәл ортасынан Жерді, ал оның жанынан Айды байқауға болады. 

Суреттің сол жақ жоғарысынан Торпақ шоқжұлдызындағы Үркер көрінеді.  Ал оған қарама-қарсы бетте Тоқты шоқжұлдызының ең жарық жұлдызы Хамаль бар. Жер мен Айды Кит шоқжұлдызының бес жұлдызы қоршап тұр.

2016 жылы 8 қыркүйекте ұшқан OSIRIS-REx ғаламшар аралық станциясы биыл тамыз айында Бенна астероидына жетіп, 2023 жылы қыркүйекте топырақ үлгісімен бірге Жерге қайтады. 

massaget.kz

Тағы да оқыңыз: