Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» мамандары 21 қараша күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.
Үлкен ылғал қоры бар Атлантикалық циклон өзімен бірге Қазақстанның солтүстік жартысына – қар, батыс бөлігіне – жаңбыр мен қар, тұман, батысқа – көктайғақ пен жауын-шашын әкеледі.
Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді. Қалған аумақтарда жауын-шашын жаумайды, күн ашық.