Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 6 қарашада Астанада мен еліміздің 10 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Астанада оңтүстік батыстан, батыстан жел соғады деп күтіледі, екпіні - 15 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде көктайғақ болып, қар ұшқындап, боран соғады деп болжанады. Түнде өңірдің басым бөлігінде, күндіз шығыста оңтүстік батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Көкшетауда түнде және таңертең қар ұшқындап, жолдарда көктайғақ болады. Түнде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Маңғыстау облысының түнде оңтүстік батысында, күндіз оңтүстік шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі, батысында солтүстік шығыстан оңтүстік шығысқа ойыса жео соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда күндіз оңтүстік шығыстан солтүстік шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі. Ақтөбеде таңертең тұман болады.
Түнде Қарағанды облысының шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтары мен тау бөктерінде тұман түседі. Тау асуларында ұйытқи соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Алакөл ауданы маңында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жетеді.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, қар ұшқындап, боран соғады. Түнде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда.