Kyzylorda-news.kz. Невропатолог Павел Хорошев неліктен жазда бас әдеттегіден жиі ауыратынын және бұл аурудан қалай құтылуға болатынын айтты.
Оның айтуынша жылдың жылы мезгілінде адамның терлеуі күшейеді. Бұл денеде судың жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Жазда жиі кездесетін бас ауруларының себебі сұйықтықтың жетіспеушілігінен.
Невропатолог ағзадағы судың жетіспеушілігі мидың қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлауына әкелуі мүмкін екенін айтады.
“Осыған байланысты қанның реологиясы, сұйықтығы нашарлайды. Демек барлық органдардың қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды. Соның ішінде энергияның үлкен мөлшерін тұтынатын ең маңызды орган – ми. Сондықтан бас ауруы пайда болады”, – деді маман.
“Жазда күніне 2-2,5 литр су ішу керек, содан кейін маусымдық бас аурулары болмайды”, – деп кеңес берді дәрігер.
Ал қыста күніне бір жарым литрден екі литрге дейін сұйықтықты тұтыну жеткілікті деп санайды Хорошев.
Дегенмен ол бұл ұсыныстарды тек дені сау адамдарға арналғанын ескертті. Егер адамда жүрек немесе бүйрек ауруы болса, онда ол үшін судың көп мөлшері зиян болуы мүмкін.