Еліміздің болашағы, кемел келешегі жасөспірімдердің тәрбиесі білім саласы мен құқық қорғау органдарының ғана емес, ата-ананың да қадағалауын талап етеді. Себебі, жас ұрпақтың саналы болып өсуі жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көрген өнегелері әсер етеді. Бүгін «Amanat» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясында оқушылардың жазғы демалысты тиісді өткізу мен Мемлекет басшысының Жолдауында туындаған аудан көлемінде жасөспірімдерге жасалған зорлық-зомбылықтың алдын алу және ювенальды полицияның атқарған жұмыстары туралы мәселелері қаралды.

Жалпы аудан бойынша 1-10 сыныпта 6646 бала жазғы демалыс шараларына қамтылуы тиісті. Жазғы демалыс шаралары негізінен сырткы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерін ашу, облыс келемiнде және облыстан тыс лагерьге балаларды жіберу, туристік саяхат, тарихи-танымдық экскурциялар ұйымдастыру жоспарлануда. 

– 27 мамыр - 20 маусым аралығында 20 мектепте 2 ауысымда 2250 бала ыстық тамақпен, 450 тамақсыз мектеп жанындағы тынығу лагерлері ұйымдастырылатын болады. Барлығы 2700 бала ата-ана және демеушілер есебінен демалдыру жоспарлануда. Мектеп жанындағы және қосымша білім беру жанындағы лагерлер түрлі бағытта жұмыс жасап 3260 бала ата-ана есебінен қамту жоспарлануда. Шаруа қожалықтарымен бірлескен «Еңбек» лагеріне - 1500 бала, Жалағаш индустриалды аграрлық колледжімен бірлескен «Кәсіптік бейімдеу» лагеріне – 350 бала, полиция, прокуратура органдарымен бірлескен «Құқықтық кеңес» лагеріне - 350 бала, «Amanat» партиясымен бірлескен «Этно ауыл» лагеріне - 350 бала, хореография, баян, домбыра кластары бойынша «Өнерлі мектеп» лагеріне - 350 бала, «Көркем еңбек» лагерімен - 360 бала қамтылатын болады – деді білім бөлімінің Талғат Садықов.

Ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу ескерту және сақтандыру мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жасөспірімдер арасында және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар орын алмаған.

Қылмыспен құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында аудан көлемінде «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Жасөспірімдерді жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау және жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу бағытында лекциялары оқылып жиналыстары өткізіліп, аудандық әлеуметтік жүйелеріне осы тақырыптар бойынша мақалалармен бейне роликтер жарияланып көрсетілді. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстарының алдын-алу, оған жол бермеу мақсатында ІІО-ның профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын тұлғалармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде – деді аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Бекбол Ахмағамбетов. 

Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қайрат Досымов төралық еткен отырысқа, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева қатысты. Отырыс қатысушылар түрлі сауалдар қойылып, ұсыныстар берілді.

Тағы да оқыңыз: