Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданы бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған. Сала мамандарының айтуынша аудан бойынша биылғы жылдың 2 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2 863 бірлікті құраса, нақты жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2 726 бірлікке артқан. 

Айта кетейік, макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша аудан бойынша биыл негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 20 млрд. 400 млн теңгеге жоспарланып, 1 сәуірге дейін 5 млрд. 429,4 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,1 пайызға орындалған. Мұнан бөлек, 32 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімдерін өндіру жоспарланса, 2 айда өндіруші мекемелер мен кәсіпорындар және жеке секторлар арқылы 5 млрд.775,0 млн теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 102,2 пайызды құраған. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі бойынша 8 млрд. теңгеге өнім өңдеу жоспарланып, 1 сәуірге 2 млрд. 252,0 млн. теңгенінің өнімі өңдіріліп, 372,8 пайызды құраған.

Сонымен қатар, бөлшек сауда айналымының көлемі 2024 жылғы 4 млрд. теңгеге жоспарланса, 1 сәуірге 774,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,4 пайызға орындалды. 

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында аудан бойынша жыл басынан бері 21 жоба 557,7 млн. теңгеге қаржыландырылса, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар арқылы несие алуға бүгінгі күнге 60 адам өз өтінішін білдірді. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жүйелі түрде жүргізілетін болады. «Аграрлы Несие Корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалының жеке қаражаты есебінен 18 жоба 547,7 млн. теңгеге, «Қызылорда» Өңірлік инвестциялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 3 жоба 10,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Ал былтыр Мемлекет басшысының тапсрымасына сәйкес жеңілдетілген 2,5 пайыздық «Ауыл аманаты» жобасы аясында Жалағаш ауданы бойынша «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы өндіріс, асыл тұқымды мал шаруашылығы, қызмет көрсету, өсімдік шаруашылығы бағытында 2023 жылы 179,7 млн. теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылды. Атап айтар болсақ өңдеу саласы бойынша – 7 жоба 50,3 млн. теңге, өсімдік – 6 жоба 47,2 млн.теңге, техника сатып алу – 5 жоба 36,0 млн. теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығы – 3 жоба және басқа да салалар бойынша – 1 жоба 7,6 млн теңге.  Аталған жобаларбиыл өз жемісін беретін болады. Мәселен кент бойынша 11 жоба 87,8 млн теңгені құраса, Таң ауылдық округінде 1 жоба 14,0 млн теңге болса, Жаңаталап ауылдық округіндегі 1 жоба 2,5 млн теңге. Ал Мақпалкөл ауылында 2 жоба 10,4 млн теңгеге қаржыландырылған. Мұнан бөлек, Бұқарбай батыр ауылында 1 жоба 4,0 млн теңгені, ал Еңбек ауылындағы 1 жоба 8,5 млн теңгені құраған. Жаңадария ауылдық округіндегі 2 жоба 13,6 млн теңге болса, Аламесек ауылдық округіндегі 2 жобаның құны 16,4 млн теңге. Ал Аққыр елді мекеніндегі 1 жоба 22,5млн теңгеге қаржыландырылған.

Биыл да «Аманат» партиясы арқылы «Ауыл аманаты» жобасына түсіндірме жұмыстары кең көлемде тұрақты  түрде жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 2023 жылы жыл көлемінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы және жеке қаражаттары есебінен жалпы құны 1 млрд 701 млн теңгені құрайтын 16 жоба іске қосылып, 76 адам жұмыспен қамтылса, биылғы жылы жалпы құны 1 млрд 220 млн теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, 46 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Мәселен, жеке кәсіпкер Ш.Серіковтың 1000 басқа арналған құс фермасының жоба құны 20,0 млн теңге. Ол осы жоба аясында 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Мұнан бөлек, Е.Қайповтың сауда орталығы. Жоба құны 100,0 млн теңге. Жоба аясында 5 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал жеке кәсіпкер Д.Ержановтың  жобасының құны 500,0 млн теңгені құрайды. Жоба аты – «Күріш ақтау және жем өңдеу зауыты». Бұл жоба аясында 50 адам жұмыспен қамтылады. Жеке кәсіпкер Н.Пірәлінің «Асфальт-бетон өндіру зауыты» жобасының  құны 500,0 млн теңге. Мұнда 15 адам жұмыс жасайды. Сондай-ақ жеке кәсіпкер Б.Ахметованың «Далида-2» сауда орталығының құрылысы. Жоба құны 100,0 млн теңге. 3 адам жұмысқа қабылданады. 

Сонымен қатар, 2023 жылы өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында 1 млрд. 30 млн. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды. Біріншісі: «АВ-AGRO» ЖШС-нің құны 500,0 млн. тенгені құрайтын тәулігіне 30 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауыты. Жоба толықтай іске қосылып, алдағы уақытта тәулігіне 30 тонна ақ күріш шығарып, 5 тонна жем өндіретін болады. Сондай-ақ 5 адам жұмыспен қамтылды.

Екіншісі: «Бағдаулет-57» фермер қожалығының жалпы құны 530,0 млн. теңгені құрайтын «100 бас ірі қара малына арналған сүт фермасы». «Аграрлы несие корпарациясы» АҚ арқылы 364,0 млн. теңге несие қаражаты, жеке қаражат есебінен 166 млн. теңге. Чехия мемлекетінен 96 бас ірі қара малы әкелінді. Қазіргі таңда шет елден әкелінген сиырлары төлдеп жатыр, сауынға тұрғаннан кейін жоба толық іске қосылып, тәулігіне 3000 литр сүтті өңдеп, өнім шығаратын болады. 10 жаңа жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған Бірыңғай Жалпыұлттық жобалар пулы, Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған жобалар пулы, Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында ағымдағы жылы Жалағаш ауданы бойынша жеке кәсіпкер Ержанов Дастанның жеке қаражаты есебінен құны  500 млн. теңге болатын «Күріш ақтау және жем өндіру зауыты» жобасы жыл соңына дейін іске қосылып, жаңадан 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Қазіргі таңда тиісті құжаттары заңға сәйкес рәсімделуде.

Сонымен қатар «УНО-ПРОФ Строй» ЖШС-нің құны 500,0 млн. теңгені құрайтын «Асфальт - бетон өндіру зауыты»  жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Жоба іске қосылған уақытта жаңадан 15 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Бүгінгі күнге аталған жобаны орналдастыру үшін Бұқарбай батыр ауылдық округінен 5,5 гектар берілді.

Сондай-ақ қыш өндіру зауытымен балық өндіру жобаларын іске асыратын боламыз, қазіргі таңда жоба жан жақты зерттелуде.

Тағы да оқыңыз: