Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қ.Ысқақов Жаңақорған және Шиелі аудандарында жұмыс сапарымен болды. Жаңақорған ауданының Қожакент пен Сунақата ауылдық округтеріндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде салынған спорт кешендерінің ашылу салтанатына қатысты.

Мемлекеттік-жекешелік тетігі ел экономикасын көтеріп, оны әртараптандыруға және кәсіпкерлерді ірі инвестициялық жобаларға тарта отырып, мемлекетпен бірлесе бизнесті жаңа белеске шығаруға септігін тигізуде. Осындай мемлекеттік-жекешелік әріптестік жоба аясында Жаңақорған ауданының Қожакент және Сунақата ауылдық округтерінде спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Облыс әкімі Жаңақорғандықтарды жаңа спорт нысандардың ашылуымен құттықтап,жылы лебізін жеткізді.

“Тәуелсіздік күні қарсаңында Қожакент ауылындағы спортсүйер қауым үшін арнайы спорттық-сауықтыру кешенін ашып отырмыз. Сыр өңірінде мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүздеген маңызды әлеуметтік нысандар ашылып, ел игілігіне берілуде. Осындай серпінді жобалар Жаңақорған ауданында да жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың басында Сүттіқұдық ауылдық округінде бой көтерген спорт нысандары осыған дәлел. Міне, бүгін Қожакент ауылында да заманауи талаптарға сай спорт кешені ашылып отыр. Спортқа жаны құмар жас ұрпақты қуанышқа бөлеп, 13 тұрғынды жұмыспен қамтып, 300-ден астам жасөспірімге волейбол, бокс, ауыр атлетика, белбеу күресі, қазақ күрестерінен тәлім-тәрбие беретін, еліміздің жігерлі жастарын дайындайтын жаңа спорт кешені құтты болсын! “,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Сонымен қатар, дәл осы күні Сунақ ата ауылдық округінде де
мемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысандардың іске қосылуы ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, жастарды спортқа баулуға қызмет ететін болады.

Тағы да оқыңыз: