Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған Спорты парақшасынан естіген жақсы жаңалық жаңақорғандық жас бапкер Дінмұхаммед жаһан шаршы алаңында төрелік ететін болыпты. Бокс десе, бір бүйрегіміз бұрып тұрады ғой. Шынында қуанарлық хабар. Абайханұлы бұған дейін АИБА құрамында халықаралық жарыстарға төрелік ететінін білеміз. Қазақстандағы АИБА құрамында төрелік ететін санаулы судьяның бірі. Бүгіннен бастап, Сыр еліндегі әлем чемпионатында төрелік ететін жалғыз төреші. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті сіздердің түлектеріңіз. Дінмұхаммед Абайхан бұ күнде Жаңақорған ауданының №7 ОРМБЖМ спорт мектебінің бокстан аға жаттықтырушысы. Ауылда жүрседе қарапайымдылығымен биік белестерді бағындыруда.
⠀
Айта кететіні, төрешілікке емтихан тапсыру арқылы өтеді. Өткен айдың жиырмасында Қырғызстанда халықаралық турнирде семинарға қатысып, Халықаралық бокс ассоциясының санатына қол жеткізді. Бұл дегеніміз Дінмұхаммед енді Азия және Әлем чемпионатында төрешілік жасайтын болады. АИБА президенті Умар Кремловтың қолы қойылған, растайтын сертификаты күні кеше келген. Соған байланысты мамыр айында Ташкентте өтетін әлем чемпионатына үлгермеді. Деседе, алдағы Азия, Әлем біріншілігінде төбе көрсетіп, төрде төрелік етеді.
Қазақстан бокс Федерациясында қазіргі кезде комиссия және АИБА мүшесі қатарында он төреші қызмет етеді. Солардың қатарында жаңақорғандық Дінмұхамед Абайхан да бар. Бұл аудан боксы тарихындағы үлкен бір белес деуге болады. Өйткені, ауданда бұл атаққа қол жеткізген төреші болған емес. Сондықтан, небәрі 24 жасында АИБА төрешісі дәрежесіне көтерілген Дінмұхамедтің дара жолына тоқталатын боламыз.Бірден айту керек, бүгінде білікті бапкер Құрбаш Сарқұлов іргетасын қалаған бокс мектебінің жас боксшылары байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Кейбірі жаттықтырушылық салада абыройлы еңбек етіп келеді. Енді міне төрешілік қызметте де жаңа бір биіктікті бағындыра бастады. Сол себепті, әңгіме төркінін Димаштың АИБА төрешілігіне қабылдануынан бастасақ.
– 2018 жылдың сәуір айында Павлодар қаласында шет елдік мамандардың қатысуымен емтихан тапсырдым. Онда сұрақтардан бөлек, практикалық, яғни, кез келген рингте төрешілік жасап көресің. Бес жылдық тәжірибемді жинақтай келе емтиханда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, төбем көкке жеткендей болды. Себебі, бұл дәрежедегі төрешілер әлем және Олимпиада ойындарында қызмет ете алады, – деді ол.
Иә, АИБА мүшелігіне ену кез келген төрешінің қолынан келе бермейтіні рас. Осы артылған жауапкершілік жүгін Дінмұхамед абыройлы атқарып жүргенін мақтанышпен айта алады.
– Жалпы боксқа қалай келдіңіз?
– Мені 10 жасымда әкем боксқа баруға ықпал жасап Құрбаш ағайға тапсырды. Облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі оралып жүрдім. Одан кейін Жалаңтөс Баһадүр атындағы спорт мектебінде, кейіннен Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жоғары білімді алып шықтым. Әлі де тәжірибемді толықтыру үшін білікті мамандардан ақыл-кеңес алып тұрамын. Ал, төрешілік жолға 2013 жылы түстім. Алдымен, жасөспірімдерге төрешілік еттім, 2016 жылдан бастап ересектермен жұмыс жасаймын.
– Алдағы жоспар қандай?
– Шілде айының соңында Ресейдің Махачкала қаласында тағы да емтихан тапсыратын боламын. Ойдағыдай өтсе онда Әлем және Азия чемпионаттарында төрешілік ету құқығына ие боламын. Қазір білген түйген біліктілігімді осы емтиханға дайындап жатырмын.
Ол тек төреші ғана емес, қазір №7 жас¬өспірімдер және балаларға арналған мектепте бапкерлік қызметте. Тағы бір айта кететіні, Жаңақорғандағы екі дүркін ел чемпионын Димаш тәрбиелеген. Бақберген есімді жас саңлақ бүгінде жасөспірімдер арасында халық-аралық додаларда атой салып жүр. Сондықтан, кейіпкеріміздің екінші бір қырын осыдан-ақ көруге болады.
– Расында, аудандағы бокс спорты енді еңсе көтеріп, жаңа бір белесті бағындыра бастады. Жасөспірімдер жыл сайын ел біріншілігінде кем дегенде бір алтынмен оралады. Былтыр облыстық спорт басқармасының қолдауымен алғаш рет ауданда бокстан Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл сында қос-қостан алтынмен сүйіншілеп жаттық. Өзім спорт басқармасы мен аудандық спорт бөлімі, №7 мектеп басшыларының демеуімен көптеген халықаралық жарыстарда төрешілік жасадым. Сондықтан, боксқа жанашыр жандарға алғыс айтқым келеді, – деді ол.Сонымен қатар, Қазақстан бокс Федерациясында қазіргі кезде комиссия және АИБА мүшесі қатарында он төреші қызмет етеді. Солардың қатарында жаңақорғандық Дінмұхамед Абайхан да бар. Бұл аудан боксы тарихындағы үлкен бір белес деуге болады. Жақында Атырау қаласынан олжалы оралған жаңақорғандық бапкерден чемпионаттың қорытындысын сұрадық.
– Атырау қаласында өткен 2002-2003 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатына 200-ге жуық спортшы қатысты. Медальдар жиынтығы 11 салмақ дәрежесі бойынша сарапқа салынды. Кіл мықтылар жиналған жарыста нағыз бабындағы боксшылардың жолы болды. Чемпионаттан түйгенім, қазақ жастарының қарқыны қатты қуантты. Әлі талай әлемдік аренада атой салатын жастар өсіп келеді. Осындай байрақты бәсекеде әділеттілік танытып, қызметіме жауапкершілікпен қарағандығымды ескеріп, «Үздік төреші» атылымымен арнайы статуетка сыйға тартты, – дейді Дінмұхаммед Абайхан.
Ең алғаш 2013 жылдан бастап жасөспірімдерге төрешілік ете бастаған Дінмұхаммед 2016 жылдан бастап ересектер арасында бәсекеге төрешілік етіп жүр. Талай чемпионаттарда өзінің төрелігін айтып, әділеттілігін ту еткен жас бапкердің болашағы баянды. Келешегі кемел. Сәтін салса, алда Әлем және Азия чемпионаттарына төрелік ету бағы бұйыратыны айқын. Айта кететіні, Дінмұхаммед 2018 жылы Павлодар қаласында шетелдік мамандардың қатысуымен өткен аттестациядан сүрінбей өтіп, өңірде алғаш болып, АИБА төрешілігі қатарына енді. Бұлда болса, Құрбаш Саркулов негізін қалаған ауданның бокс тарихындағы елеулі сәт. Бүгінде тек төрешілік етіп қана қоймай, өзі де аға бапкерлік қызметін абыройлы атқарып жүр. Талай шәкірттердің қанаттануына қолғабыс болған бапкердің бірнеше шәкірті халықаралық додаларда атой салып, аудан намысын асқақтатып жүр.
– Бұқаралық спортты дамы¬ту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бұл бүгінгі күннің басты межесі. Оның үстіне, спорттағы жетістік мемлекет мерейін асырып, әлем елдері арасындағы беделді өсіреді. Әрі, озық отыз елдің көшіне ілесу жолында бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру үлкен міндет. Бұл бағытта өңірде спорт кешендері көптеп бой көтеруде. Әсіресе Сыр өңірі, оның ішінде Жаңақорған ауданы көш басында келеді. Аудан орталығынан бөлек, ауыл-аймақтарда түрлі спорт түрлерінен үйірмелер ашылып, ауыл баласының тынысы кеңейе түсті. Өздеріңізге белгілі, талай шыңдарды бағындарған спортшылардың басым бөлігі осы ауылдан шыққан, – деді Дінмұхаммед Абайхан бізбен әңгімесінде.
Отбасында баланың кішкентайы Дінмұхамед Абайханұлы қазір бір ұл тәрбиелеп отырған бақытты әке. Білікті бапкер, Сыр өңірінің үздік төрешісі. Алдағы уақытта да біз Димаштың бұдан да биік белесті бағындыратынына сенімдіміз...