Kyzylorda-news.kz Жаңақорған ауданында кәсіпкерлер мен сауда орындары қарапайым жұмысшы іздеп, жыл бойы жұмыс істейтін жастарға мұқтаж болатындарын жеткізді. Расында, соңғы кездері  құрылыс қылсақ өзбекті алдырамыз. Егін егуге қырғызды шақырамыз. 

Бірақ, түрлі мемлекеттік жобалар қолға алынса да жұмыссыздық азайған жоқ. Қазір бізде жұмыссыздықтан гөрі, масылдық басым секілді. Кейде басылым мен интернет парақшаларында жұмысшы іздеп жатқан жарнамадан көз сүрінеді. Еңбекақысы да жаман емес. Бірақ еңбек еткеннен гөрі, әлеуметтік желі арқылы 5-6 сөз жазып, ел арасында шу шығарып, айналасынан мін іздеп жүретіндер көп. Олардың ойынша барлық жағдайын жұрт жасап беруі тиіс. Алайда оған мемлекет те, халық та үнемі жағдай жасай алмайды.

Сонымен жұмыс көп, жұмысшы жоқ. Неге? Осы мәселе жайлы азкем ой толғап көрейік. Жеке шаруа қожалығы иелері бас қосқан бір жиында ұжым төрағасы маусымдық жұмысқа жалдауға жұмысшы тапшы, пісіп тұрған егіннің есебін таппай, жаз бойы алашапқын болатынын айтты. Тағы бір шаруа қожалықтың иесі Әбен Нұржанұлы:

 – Мен егін егумен айналысамын. Диқанның қызу еңбегі көктемнен қара күзге дейін жалғасады. Дәл осы уақытта маусымдық жұмысшы қатты қажет. Өкінішке қарай, еңбекке тартылатын адам тапшы. Біз еңбегіне қарай қолма-қол ақысын береміз. Күнделікті ақысын алып тұрады. Айдың аяғында қомақты жалақының мөлшері шығады. Шөп тиеу жұмысына да адам керек. Әр данасын тиегеніне 100 теңге, түсіргеніне 100 теңге төлейміз. Шаруашылықтың жұмысына бармайтындар қоғамдыққа тіркелуге әуес. Оларды күнде көреміз, көше сыпырып жүреді. Әрине, тазалық болғаны дұрыс. Бірақ олардың жұмысына көңілім толмайды. Басшылық тексеріп келгенде жұмыс істеген секілді көзбояушылық танытады. Қалған уақытта көлеңке қуып жүргені. Айына алатыны – 80-90 мың теңге. Бос жүріп ақша алуды қалайды. Жұмыспен қамту бөлімі тек қана әлеуметтік жұмысқа тарта бермей, осындай шаруа қожалықтарын жұмысшымен қамтамасыз етсе жақсы болар еді. Ақысының жартысын төлеуге дайынбыз, – дейді.

Жеке кәсіпкер Қадыржан Қыдырбаевтың сөзінше, бірнеше айдан бері жұмысшы таппай жүр. Жалақысы тұрақты, барлық жағдайы қамтамасыз етілетінін де тілге тиек етті.

– Әрдайым жұмысқа адам іздеп шаршаймыз. Аяқ-қолы сау, еңбекке жарамды жастардың көбі жұмыс жасағысы келмейді, үйінде атаанасының қолына қарап отырады. Жағдайы төмен отбасыларына азықтүлік апарып беріп тұрып, үйде қолы бос жүрген өрімдей жастарды көріп өзің ұяласың. Нарық заманында әркім өзі үшін жұмыс жасауы керек қой. Кейде бізге даяшы, тамақ әзірлейтін мамандар жетіспейді. Мысалы, олар күніне кем дегенде 7-8 мың теңге табады. Соған жұмыс жасағысы келмейтіндерге таң қаламын, – деді кәсіпкер. 

Жұмыссыздық дертінің ар жағында осындай салғырттық, жалқаулық қылаң береді. Өткен жылы аудандық жұмыспен қамту орталығына 6800 жас тіркелген, олардың 5487-і жұмыспен қамтылған. Әлбетте, бұл тіркеліп, ресми статус алғаны ғана. Ал тіркелмей жүрген жас қанша? Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Руслан Мұсатаевтың айтуынша, ауданда жұмыссыздық деңгейі жылдан-жылға азайып келе жатыр.

– Үстіміздегі жылы ресми жұмыссыздар саны – 506. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 2500 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 65 адам, жастар практикасына – 389 адам жолдама алған. Қоғамдық жұмыс орындарына – 1348, мемлекеттік грант алған – 163 адам, «Алғашқы жұмыс орындарына» – 41, 2022 жылдан 2023 жылға 32 адам жалғастыруда. «Ұрпақтар келісім шартына» – 3 адам; 2022 жылдан 2023 жылға 5 адам жалғастырды. «Бастаубизнес» жобасына оқуға 899 адам жолданған. 2023 жылы 3370 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 3634 жаңа жұмыс орындары құрылып, жылдық жоспар 107,8 пайызға орындалды. Ауданда 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңкелер өткізу жоспарланып, 128 жұмыс беруші 410 бос жұмыс орындарын ұсынды. Онда 55 азаматқа жолдама берілді. Ағымдағы жылы ауданымыздан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша «ENBEK BUSSINES» порталы арқылы 894 жас оқуға өтініш тапсырды. «Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін мемлекеттік грантқа ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 149 адамға 205320,0 мың теңге, қаржы қаралған. Осыдан қазіргі таңға 163 адамға грант берілді, – дейді.

Үкімет отырысынан соң Сыр өңірі бойынша энергетикалық әлеуеттің жайжағдайына тоқталған аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандарына соңғы жылдары электр энергиясы жүйелерін жаңартуға мүлде қаржы бөлінбегенін еске салды. Бірақ соған қарамастан Жаңақорған ауданында бұл бағытта түбегейлі жаңарулар бар. Мұның барлығы аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетовтың іскерлік қабілетінің арқасында қол жеткен нәтиже, өйткені жоба-сметалық жұмыстарының барлығына демеушілер тауып тарта білуі ауданның электр жүйелері саласына жан-жақты серпін беріп отырғанын айтты. Өзге өңірдің басшыларына да осы жетістіктерден үлгі алуды ескертті.

 Жалпы ауданда жұмыс жоқ емес, бар, бірақ ынталылар аз. Кез-келген ауылдық округтің әкімімен сұхбаттасқанда осыны айтады. Маусымдық жұмысқа, әлеуметтік жұмысқа кісі таппай жүргенін естіп, біліп жүрміз. Расында сылтау айтып, дайын жұмыстан қашатындардың саны артып келеді. Қит етсе, әкімдікке жүгіріп, мемлекетке ауыз ашу әдетке айналып барады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Ұлы Абай үнемі сынға алған масылдық қоғамға ешқашан жақсылық әкелген емес, біліммен қаруланып, еңбекке ғана арқа сүйеу керек», – деген сөзі де еңбектен қашқан адамдарға қарата айтылғандай. Қарын ашса «Аманатты», одан қалса әкімдікті жағалаймыз. Жо-жоқ өздері барса мейлі ғой, көкіректе жалған намыс бар. Сондықтан әйелді жылатып, еңіретіп кеңсе жағалатамыз. «Жұмыс жоқ. Ішіп-жейтін тамақ жоқ. Жағдайымыз қиын» дегеннен кейін бір қалталы азаматқа бағыттайды. Азынаулақ азық-түлігі таусылғанда әлгі сценарий тағы қайталанады. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Еңбегімен нан тауып, Алланың ризығын адал жолмен тауып жүргендер аз емес. Тек кейінгі кездері біреудің есебінен өмір сүру, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн көру, қиындыққа төзімсіздік таныту, жеңіл табыс табуға ұмтылу сынды жағымсыз әрекеттер қазіргі қоғамның кесірі десек болады. Абай атамыз өзінің әйгілі қара сөздерінің бірінде «Һамма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады» демей ме? 

Негізінен, қазіргі уақытта әрбір жұмыс істеймін деушіге барлық мүмкіндік бар. Жағдай да жасалған. Еңбекақылары да тәп-тәуір. Осы тұста Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында шын мұқтаж жандар әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатқанын сынға алуы орынды. Яғни «Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі. Алайда қоғамда патерналистік көңіл күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алуда. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азамат тар аз емес. Мұндай адамдар кез келген өркениетті елдегі сияқты заң аясында және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек. Осындай жағдайлар мемлекеттен ала берсем деген көзқарас қалыптастырды. Шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр. Әрине, еліміздің мүмкіндіктері зор, бірақ оның да шегі бар», – деді Президент.

 Мемлекет басшысының сөзінше, әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады.

«Мұндай жағымсыз өмір салты ұрпақ тәрбиесіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады. Сондықтан бізге түбегейлі өзгеріс керек. Заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс. Дайындалып жатқан әлеуметтік кодексте осындай мәселелерге барынша назар аудару керек», – деуі де үлкен ойға итермелейді. Finprom.kz сараптама орталығы Қазақстанның еңбек нарығындағы жастардың үлесі төмендеп келетінін саралапты. Деректер бойынша 2021 жылды 2022 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылған халықтың ішіндегі жастардың қатары 27 пайыздан 24,6 пайызға дейін төмендеген. 2023 жылы еңбекпен қамтылғандардың саны 0,1 пайызға артқанымен, жұмысы бар жастардың үлесі 8 пайызға кеміген. 

Соңғы бес жылда елдегі еңбек нарығының «қартаю» процесі байқалыпты. Германияның Фридрих Эберт атындағы қоры 2022 жылы еліміздің 14 пен 29 жас аралығындағы жастарының өмірлік құндылықтары мен алдан не күтетіні туралы зерттеу жүргізгенін атай кеткен жөн. Орталық Азияның өзге елдерімен салыстыра зерделенген бұл зерттеуде біздің жас буынның патерналистік көңіл күйі өте жоғары болып шыққан. Олар бұрынғысынша мемлекеттен түрлі жәрдемақы, жеңілдіктер түрінде, тіпті несиелік рақымшылық сипатында көмек күтеді екен. Әсіресе, мемлекет еңбекпен қамтып, қызметке орналастырады деп күтетіндердің қатары өте көп екен. Ал зерттеуде қарастырылған жас санаты Қазақстан халқының жартысын құрайтын контингент екенін ескерсек, бұл жақсы ахуал емес. Жергілікті билік жастарды кәсіпкерлікте білімін шыңдап, іс қылуға үндеуде. Жаңшылдыққа құлықты жастар бар.

Бірақ, жатып ішерлері де азаймай тұр. Абай айтпақшы, өзіміздің қолдан келмесе де құрылыс жасаған өзбекке күлеміз. Алайда ала шапанды ағайын қазақтың есіл қаржысын еліне тасып жатқанын ескермейміз. Мойындау қажет, еңбектегі потенциалымызбен мақтана алмаймыз. Өзбек, қырғыз, тәжіктің еңбек белсенділігі жоғары. Ұлағатты ұрпақ өсіргісі келген әр азамат тәрбие тал бесіктен екенін ұмытпай, жалқаулықтың, масылдықтың ақыры отбасыға зиян екенін, қайғықасіреттің бастауы да сол жақта жатқанын бала санасына құя білсе, еліміздің ертеңі жарқын болары сөзсіз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастарды – жұмыспен қамту мәселесі өңірлерде аса өзекті. Біз жұмыссыз жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беруіміз керек. Олардың тұрақты кәсіп табуына көмектесуіміз қажет» деп жасөспірімдерге ерте жастан мамандыққа бейімдеуге маңыз берсе. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында Үкімет пен әкімдер жастарды жұмыспен қамту мәселесімен арнайы айналысып, күнделікті назарда ұстауы қажет екендігін ескертті.

Еліміз бойынша осы мәселеге сараптама жасаған аудан басшысы: 

«Бүгінгі таңда NEET санатындағы 101 мың жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді. Жыл сайын мектеп бітірген 50 мың түлек оқуға ақылы негізде түседі. Олардың 85 пайызы тұрмысы төмен отбасының баласы. Бұл жағдайды түзету қажет. Сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі керек. Жастар – мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін, Тəуелсіздігімізді баянды ететін болғандықтан Ел дамуындағы жастардың рөлін əрдайым жоғары бағалаймыз. Сондықтан жастар кеңесінің негізгі міндет жастарымыздың бағыт-бағдарын саралап, түзілген жоспарлардың нәтижелі болуына қол жеткізу болмақ», – деді.

Өткенде белсенді жастың бірімен сөйлестім. Ол полиция қызметкерлері жаппай төбелес болып жатқан жерлерге бара бермейтініне қынжылды…Күн тәртібіндегі екінші мәселе бір-біріне тығыз байланысты. Өйткені ағымдағы спорттық әзірліктер болсын, ұйымдастыру шаруаларына жастарды тартып, олардың бос уақытын тиімді өткізу қажет. Мұндай жиында істің жақсы, қуанышты жағынан гөрі кем-кетіктің басымырақ сөз болып, ортаға түсетін әдеті.
Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыруда атқарылып отырған жұмыстар жайлы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов сөз алды.

«Аудандық бюджеттен 14 ауылдық округке тренажер құрылғылары орнатылды. Атап айтсақ, Манап, Қыраш, Келінтөбе, Байкенже, Кейден, Машбек, Сунақата, Шалқия, Төменарық, Жайылма ауылдық округінде орнатылып, қаржысы игерілді. Жаңақорған кентінде 7 ойын алаңы болса, оның бесеуі жөндеуден өтті. Барлық ауылдық округте 29 спорт нұсқаушысы бар. Бүгінде 5300-ге тарта жас спортпен тұрақты шұғылдануда. Жаңаауылдағы «Ақ тілек» мейрамханасын спорт кешеніне ауыстырдық. Ол жерде 75 бала спортпен шұғылдануда. Нысан иесі әр балаға 13 мың теңгеден қаражат алып отыр. Бұл өте жақсы бастама деп есептеймін. Кәсіпкерлерге де, жастарға да өте оңтайлы», – деп аяқтады сөзін сала басшысы.

Әлбетте, атқарылған жұмыстар аз емес. Дегенмен аудан әкімі салада кемшіліктің көптігін, атқарылып жатқан жұмыстың да аз еместігін тілге тиек етті.
«Жақсы дейік, күні кеше ат спорты түрлерінен республикалық деңгейде чемпионат өтті. Айтшы, біз қандай жетістікке жеттік. Сіздерге барлық жағдайды жасап қойдық, сұрағандарыңызды беріп жатырмыз. Спорт кешені, шынығу залдары, спорт мамандары барлығы жеткілікті. Олай болса, жасөспірімдермен неге жұмыс жүргізілмейді. Көшеде бос жүрген балдарды орталыққа әкеліп, спортқа баулитын болса, талай қазақтың мақтанышы шығар еді. Біз жастарға бағыт-бағдар беруіміз керек. Бұл біздің ұрпақ алдындағы міндетіміз. Халықтың бұқаралық спортпен айналысуы дені сау ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді. Ал сау денелі, сапалы ұрпақ қана Мәңгілік ел мұратын орындай алады. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортпен шұғылданатын қазақстандықтардың санын 30 процентке жеткізуді талап етті. Жаңақорған ауданында осы бағытта тындырымды тірліктер атқарылуы керек», – деп нақтылап талап қоя айтқан әкім сөзі кім-кімді де бей-жай қалдырмады.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе «Дипломмен ауылға» бағдарламасының іске асырылуы бойынша жүргізілген мониторинг жайлы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев сөз алды.

– 2022 жылы 82 маманға 356,495,5 мың теңге көлемінде тұрғын үйге несие берілген. Оның білім беру саласы бойынша 45 маманға, денсаулық сақтау саласында 25 маманға, мәдениет саласында 2 маманға, спорт саласында 9 маманға, агроөнеркәсіп кешені саласында 1 маманға тұрғын үй сатып алу үшін несие берілді. Ал, 2022 жылы  73 маманға 21,2 мың теңге көлемінде төлеу жоспарланып отыр, – дейді Талғат Зейдалиев.

Бұл бағытта да кемшін тұстарды ортаға салып, 2022 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылшаруашылығына емес, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне ауыстырылатынын жеткізді. Өйткені, ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері бұл бағдарламаның тиімді тетіктері мен оңтайлы тұстарын жетік біле бермейтінін алға тартты.NEET санатындағы ауыл жастарымен оның ішінде соңғы 3 жылда 2018-2020 оқу жылдарында ҰБТ ға қатыспаған шекті балды бағындыра алмаған, оқуын тастап ауылда, оқуға түскен қаласында жүрген ауыл жастарымен жүргізілген жұмыстардың есебі жайлы кент әкімі Сардар Садықов, Ақүйік, Жаманбай батыр, Төменарық, Келінтөбе ауылының әкімдері де сөз алды, кейінгі кездері жастарды түрлі іс-шараларға тартып, белсенді болуға баулитын үйірмелер саны азайған. Барлығына бірдей топырақ шашудан аулақпыз, дей тұрғанымен кейбір клуб үйлері айына бір рет болсын шара өтпейтінін көріп жүрміз. Пандемия уақытын сылтауратып мәдени шара өткізуді тоқтатқан. Мүмкіндік бола тұра ашық аспан астында кеш ұйымдастыруды да қолға алмайды. Осыдан кейін «жастарымыз мәдениетсіз, бұзақы, ұры, сотқар» дегенді жиі жиі естуімізге себеп бар. Осы тұста ауылдың жастар ісі жөніндегі мамандарға көп нәрсе байланысты. Өйткені уақытылы жалақы алғанына мәз қызметкердің айтарға сөзі де жоқ.

Бекітілген күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша аудан әкімі келесі жылдан бастап барлық ауылдық округтегі клуб үйлерін аудандық мәдениет үйінің қарамағына қосуды тапсырды. Бұл мәселені заң көтеретінін, нәтижесінде клуб үйлерінің жауапкершілігі алдағы уақытта аудандық мәдениет үйі басшысынан сұралатынын айтты. Ал барлық 26 кент, ауылдық округтегі жастар ісі жөніндегі мамандарын аудандық жастар ресурстық орталығының құрамына кіргізу оңтайлы шешім екенін түсіндірді.

Жастар – елдің болашағы, бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторы екені анық, бірақ жұмыссыздық болашақта үлкен мәселеге айналуы ықтимал. Жастардың көпшілігі белгілі бір мамандық аясында білім алып, межелі оқу мерзімін аяқтап қолына дипломын алғасын, қалада жұмыс жасауды жөн көреді. Басты себеп, жұмыстың жоқтығын алға тартады. Ел экономикасына елеулі үлес қосып отырған ауылда жұмыс жасауға тиімсіз деу де қисынға келмейді. Әсіресе, елімізде қазіргі заман талабына сай, ауылдардың да дамуын қарастырып, жүйелі жұмыстың жүріп жатқанын ешкім жоққа шығара алмас. Ауылдың жағдайы айтарлықтай жақсарса да, қаланы басымдыққа ие етіп отырған жастардың саны азаяр емес. Еңбек жолын ауылмен байланыстыруды қаламайтындардың бір легі өз мамандығының ауылда сұранысқа ие еместігін алға тартса, енді біреулері ауылдағы болашағының жарқын болуына күмән қарайтынын жасырмайды. Жастар неге ауылда жұмыс жасаудан қашады? Жастардың басым бағыты заманауи өмір салтына бейім. Қарапайым тұрмыс-тіршілік кешіп отырған ауылдарға өркениеттіліктен кеш қалған деген желеуді тілге тиек етеді. Енді қала мен бүгінгі ауылдың жай-күйін бағамдап көрейікші. Қалалық жерде күн құрғатпай тұтынатын фастфуд өнімдерін де ауылға алып келді. Жылдамдығы қаладан кем емес ғаламтор да бар. Бұрынғыдай көмір тасып, отын жарып, күйе-күйелеш болып от жағып, су тасып жатқан ешкім жоқ. Ауыл тұрмысы да оңалып келеді. Жеке қаржылық мүмкіндіктер болса, тұрғылықты үйжайына да заманауи жүйелерді орнатуға толық мүмкіндік бар. Ауылдың қазіргі даму жағдайы мен ондағы оң реформаларды негізге ала отырып, жоғарыдағыдай қасаң түсінікті теріске шығаруға әбден болады. Ал, жұмысқа орналасам, кәсіп ашамын деген жанға ауылда да мол мүмкіндіктер бар. Тек, бүгінгі қоғамға қажетті, сұранысқа ие мамандықты таңдап, меңгеріп шықса болғаны. Өйткені, көпшілік жастар сұранысқа ие мамандықты меңгеруден бұрын жақсы орынға ұмтылып, соңында екі қолға бір күрек таппай, жұмыссыз қалатынын өзіміз де көріп жүрміз. 

Тағы бірі ата-анасы таңдап берген мамандықты таңдайды да ақыр аяғында өзі таңдамаған кәсіп бойынша жұмысқа орналасуға құлықсыздық танытады. Расында, әне-міне дегенше бітіруші түлектер мектепті аяқтап, ҰБТ-ға дайындыққа кірісіп кетті. «Қай пәнді таңдасам, қандай мамандыққа оқуға түсе аламын?». Көбі сол баяғы жаттанды биология, физика, химия, ағылшын тілі пәндерін таңдап жатады. Соның салдарынан белгілі бір мамандықтарға грант немесе тағы біріне талапкер жетіспей жатады. Түрлі мамандық бойынша жоғары және арнайы оқу орнын түгесіп келген түлектердің дені осындай пыйғылда. Оқуын ойдағыдай аяқтап, қолына қос-қос диплом алғанымен көбі неге жұмыс таппай сенделіп жүр? Тіпті, ел асып, өзге мемлекетті паналап, жан бағып жүргендердің не білгені бар? Осы тұста айта кетейік, орталық басшысының сөзінше, бос орын жұмыс жәрмеңкесінде аспазшы, дәнекерлеуші, құрылысшы, көлік жүргізуші және т.б мамандықтарға сұраныс көп. Ашығын айтқанда, жастар қарапайым жұмысқа баруға құлықсыз, ал портфель ұстап шіреніп жүру үшін маңдай тер төккен жолдан өту керек екені ойлантпайтын тәрізді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының нарық талабына сай маман даярлай алмауы, мамандарды әзірлеу үшін онда қажетті инфрақұрылымның сапасыздығы жұмыс берушілердің жас мамандарды жылы қабылдамайтындығы жиі айтылады. «Диплом бар, жұмыс жоқ». Қазір жұмыссыз жүрген жастардан тек осындай жауап алуға болады. 

Осы ретте, аудандағы жастардың жай-күйін бағамдау мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаровтың ойын білген едік. 

– Жастар ресурстық орталығының мамандары кент, ауылдық округтерді аралап, 15-28 жас аралығындағы 14390 жастан сауалнама алды. Бізде жастар жұмыс істеуге, берілген мүмкіндікті пайдалануға құлықсыз. Біз анықталған жастармен жұмыс жүргізу мақсатында сала мамандарын жинай отырып, «Мүмкіндіктер алаңын» ұйымдастырдық. Онда бос жұмыс орындары ұсынылып, кәсіпкерлікті дамытуға арналған кеңестер берілді. «Балық берме, қармақ бер» жобасы аясында «Тігін тігу» курсынан сабақтар өтіп, аталған курс барысында ынталылар тігін тігудің базалық дәрежесінен бастап, керексіз болған қалдықтардан түрлі дүниелер жасауға дейін үйренді. 

Жастар саясатына қатысты бірқатар мәселелер талқыланған жиынның соңында аудан әкімі мекеме және бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруда ауыл жастары арасында жұмысқа орналасуға ықпал ету, кәсіптік бағдар беру және кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыстар жүргізілу керектігін нақты тапсырма ретінде жүктеді. Жастар арасында суицид, дін, қылмыстың алдын алу бағыттары бойынша жұмыстарды жандандыруды, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында іс-шаралар жұмысы нақтылансын деген бірқатар тапсырмаларды тағы берді.

Елдің ертеңін ойлаған кез-келген адам жастарға жағдай істеп, олардың білімі мен білігін шыңдап, бос уақытында спорттық және мәдени-өнер секцияларға қатысып, тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік туғызуы тиіс. Алқалы жиында осы турасында салмақты ойлар айтылып, жауапты басшыларға нақты тапсырма берілді.

 

Тағы да оқыңыз: