Kyzylorda-news.kz Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жаңақорған кенті «МАИ бекеті» шағын ауданындағы су тарату станциясын және қосылу тармағын пайдалануға беру рәсіміне қатысты. 

Салтанатты шарада аймақ басшысы аудан тұрғындарын көптен күткен  игіліктің іске асуымен құттықтады. 

акимат жанакорган су награждение.jpg

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Бас прокуратураның ұйымдастыруымен 2025-2026 жылдары мемлекетке қайтарылған активтер есебінен өңірімізге 45 млрд. теңге қаржы бөлініп, 31 жоба іске асты. Оның ішінде Жаңақорған кентіндегі су тарату станциясын салуға 1,1 млрд. теңге қаржы бөлініп,  жұмыс толық аяқталды. Нәтижесінде, 1500-ге жуық үй сапалы ауызсумен қамтылып, тұрғындар қуанышқа кенеліп жатыр. Мемлекет басшысына, Бас прокуратураға аймағымыздағы ауқымды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсеткені үшін Сыр жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін!», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.  

акимат жанакорган су.jpg

Іс-шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров, Жаңақорған кенті  ардагерлер кеңесінің төрағасы Серхожа Ыдырысов сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және  су тарату станциясы құрылысын сапалы жүргізген мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 

Соңғы төрт жылда Президенттің, Үкіметтің ерекше қолдауымен өңір бюджеті 809 млрд. теңге болып, екі есе өсті. Ал даму бюджеті 4,3 есе артты.

акимат жанакорган су 3.jpg

Бұл қаражат аймақтың ең өзекті мәселелерін шешуге, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталды.

Бүгінде облыс тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылған. Жыл соңына дейін 10 елді мекен газдандырылып,  қамту деңгейі 85 пайыз болады. 

Бұдан бөлек, үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында  6 200-ден астам пәтер беру жоспарлануда. Облыс бойынша 141 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өткізіліп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95,5 пайызға жеткізіледі.

акимат жанакорган су награждение.jpg

акимат жанакорган су .jpg

акимат жанакорган су 1.jpg

Тағы да оқыңыз: