Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданының Азаматтық қорғау органының қызметкерлері аудан тұрғындарына өрт қауіпті маусымындағы қауіпсіздік ережелері бойынша, көлік құралдарындағы өрттердің негізі себептерін түсіндіру мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізді.
Іс-шара барысында Жаңақорған ауданының ірі сауда орындары және “НҰР” базары мен адамдар көп шоғырланатын дүкендер қамтылды. Сондай-ақ аудан тұрғындарына өрт немесе төтенше жағдай орын алған жағдайда хабарласу үшін «101» және «112» нөмірлері жазылған нұсқаулықтар, автокөлік иелеріне автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы жадынамалар таратылды.