Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған – Қызылорда облысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасына ең көп үміткер қатысқан аудан. Тарқата айтсақ, бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алу түріндегі бюджеттік несиені 629 жас маман алса, 2020 жылы 80 маманның баспаналы болуына мүмкіндік берді. Ал, 2022 жылға тұрғын үй сатып алу мақсатында 126 маманға 578 907,0 мың теңге қаражат қаралды.
Бүгінгі таңда 127 маманға бюджеттік несие түрінде тұрғын үй сатып алуға 578 907,0 мың теңге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Оның ішінде білім беру саласына 73 маманға, денсаулық сақтау саласында 38 маманға, мәдениет саласында 2 маманға спорт саласында 5 маманға, агроөнеркәсіп кешені саласындағы 9 маманға тұрғын үй сатып алу үшін несие берілді. Сонымен қатар, 127 маманға 38 900,1 мың теңге көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде білім беру саласына 53 маманға, денсаулық сақтау саласында 45 маманға, әлеуметтік қамсыздандыру саласында 1 маманға, мәдениет саласында 5 маманға, спорт саласында 10 маманға, агроөнеркәсіп кешені саласындағы 13 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төленді. Ал 2023 жылы 108 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Семей қаласына арнайы ат басын бұрып, ұлы ақын Абайдың ұлдарының ортасында отырған сәтін бейнелейтін символикалық ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты. Одан әрі қаладан 180 шақырым жердегі ақынның байырғы қонысына табан тіреп, Жиделі-Бөрілідегі Абайдың мемлекеттік-тарихи, әдеби мемориалдық кешенінде болып, ақын рухына тағзым етті.
Жаңақорған Қызылорда облысы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасына ең көп үміткер қатысқан аудан. Тарқата айтсақ, бағдарлама аясында 2010-2019 жылдар аралығында тұрғын үй сатып алу түріндегі бюджеттік несиені 629 жас маман алса, 2020 жылы 80 маманның баспаналы болуына мүмкіндік берді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды ынталандыру мақсатында пайызсыз несие берілуде. Әлеуметтік қолдау шараларының қатарында тұрғын үй алуға 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттік несие қарастырылған. Бағдарламаның барысын аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Мұхитдин Салыбай: «Жоба бойынша биылғы жылы 79 адамға үй сатып алуы үшін 330 050,0 мың теңге қаралды. Өтініштер «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы қабылданды. Аудан көлемінде тұрғын үйдің бағалау құны өзге аймаққа қарағанда төмендеу көрсеткендіктен, қаражат үнемделіп, тағы да бір адамға үй алуға жол ашылды. Осылайша, 80 маман үйлі болды», – деді.
Маман жыл басынан бері 80 жас маманға үй алу үшін 327134,3 мың теңге бөлінгенін, құжаты қатаң бақылаудан өткенін айтты. Несиеге қол жеткізген мамандар мезгілінде несиесін төлемесе, жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді.Пайызы төмен несиеге қол жеткізіп, алайда келіскен қаражат мөлшерін мезгілінде төлей алмай жүргендер баршылық. Оларға сот орындаушылар мен прокуратура қызметкерлері үстінен іс қозғауда. Бұл туралы аудан прокуроры Дарын Әбіш: «Бүгінгі күні прокуратураның қадағалау актісімен 10 млн теңге қаражат мемлекетке өндірілді. Бұл ретте азаматтарға ескерту хаттары беріліп, өз міндеттерін тиісінше орындамаса, сотқа талап арыз беріледі. Тиісінше соттың атқару парағы негізінде несие берешегі жеке сот орындаушыларымен мәжбүрлі түрде өндіріледі. Сондықтан, әрбір несие алған азамат әрекетінің құқықтық салдарын түсініп, несиені төлеу жөніндегі міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс, – деп ескертуін айтты.
Айтпақшы, осы жылдың соңында бағдарлама аясында 43 маманға 11945,4 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме түріндегі әлеуметтік қолдау берілмек. Жәрдемақы мөлшері бір маманға 277800 теңге. Ал, түрғын үй алушыларға биыл 4167000 теңге үлестірілген.Баспана мәселесін шешіп, өз үйіне қолы жеткен жастар арасында денсаулық сақтау саласы бойынша үміткер Ілесбек Қасымбек аудандық емханада мейіраға болып еңбек етуде. Ол: «Құжаттарым мен өтінішімді онлайн тапсырып, кейін қортындысын күттім. Көп ұзамай «сіздің сұранысыңыз сәтті аяқталды» деген жауап келгенде қуандым. Баспанамызды таңдап, өзімізге қолайлы аймақтан алдық. Күтпеген жерден олжалы болдым, – дейді.
Ал, тәрбие орталығы жас пихолог-логопед маманы Арнат Әбіламитов қатарластары осы бағдарламамен үй алып, жағдайын түзеп жатқандықтан, осы мемлекеттік қолдауда бағын сынап көруді жөн санапты.
– Таныстарымның талайы жаңа үйге кіріп, қоныс тойларын жасады. Сұрай келе, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының ең тиімді несие көзі екенін, мамандарды қолдау мақсатында берілетінін ұқтым. Биыл бар жігерімді жиып, құжат тапсырып, бақ сынап көрдім. Нәтижесінде, мемлекеттің айрықша қолдауын сезіндім, – дейді.
Осы бағдарламаның игілігін көрген ауыл жастары жетерлік. Соның бірі – Қосүйенкі ауылының мал дәрігері Өткір Әбсадықов: «Мал дәрігері болып еңбек ете бастағалы 4 жыл толды. Ауылдың тыныс-тіршілігіне де әбден қанықтым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасын естігеніммен, оған құжатты қалай тапсырамын деген оймен жүрдім. Сұрастыра келе, биылғы жылы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы құжат қабылданатынын газеттен оқып, дереу іске көштім. Үй таңдап, оның құжаттарын рәсімдеп, соңында пайызсыз қаржылай көмекке қол жеткіздім. Ауылда талай мен секілді құжатты тапсыруды білмей жүрген жандар бар шығар, еш алаңдамай қарекетке көшкен жөн екен, – дейді.
Бізге сұхбат берген жас мамандар қаражатқа қол жеткізуде әділдік болғанын, несиенің жай-жапсарын толық түсінгендерін жасырмады. Бұған кереғар пікірдегі адамдар да аз емес. Қалай болғанда да бағдарлама жас мамандарды қолдаудың ұтымды тетігі.
Иа, қолына оқыған мамандығы бойынша диплом алып, ауылдың өркендеуіне үлес қосамын деушілерге арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жастар тарапынан көптеген сұрақ қойылып жатады. Сондықтан бағдарламаға қатысты негізгі сұрақтарды ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиевтен сұрап білдік.
– Жаңа қағидаларға сәйкес әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау кезінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ мамандарға ұсынылады (Қағидалардың 18-тармағы). Бұл норма не үшін қажет екенін түсіндіріп берсеңіз?
– Бұл норма тұрғын үйі жоқ мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен барынша тиімді қамту, сондай-ақ бұрын берілген кредиттері бар мамандарға қаржылық жүктемені болдырмау үшін, сондай-ақ соңғы 2 жылда 90 күнтізбелік күннен артық қарызы болмаған жағдайда енгізілді. Басқа кредиттердің болуы мамандардың төлем қабілетіне әсер етеді.
– Маман туыстарынан тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредитті пайдалана ала ма?
– Жоқ, пайдалана алмайды. Бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар бірнеше рет көтерді. Біз жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандардан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға тыйым салу жөніндегі норманы енгіздік. Бұл норма шын мәнінде тұрғын үйі жоқ мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен неғұрлым тиімді қамтуға ықпал ететін болады.
– Көтерме жәрдемақы мен бюджеттік кредитті төлеу үшін жас ерекшелігіне қарай шектеу бар ма, яғни әлеу¬меттік қолдау шаралары қай жасқа дейін төленеді?
– Қағидаларға сәйкес алушы әлеу¬меттік қолдау шараларын алған кезде ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеуге өзіне міндеттеме алады. Сонымен бірге, Қағидаларда жас ерекшеліктеріне шектеулер белгіленбеген. Алайда әкімдіктер маманның еңбек демалысына шыққанға дейін толық үш жыл бұрын шекті жұмыс мерзімі бойынша келісім міндеттемелерін орындау мерзімдерін ескереді, сондай-ақ бюджеттік кредит бойынша мерзімдер (15 жылға дейін) ескеріледі.
– Тұрғын үй құрылысына бюджеттік несиені пайдалануға бола ма?
– Иә, болады. Бұл норма Қағида¬ларда (2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрық) бар. Әкімдік маманға таңдау үшін тұрғын үйлердің үлгілік жобаларының нұсқаларын ұсынады. Алайда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 46 АЕК-тен (134,2 мың теңге) аспауы тиіс. Тұрғын үй құрылысының сметалық құны берілетін кредиттің екі еселенген мөлшерінен аспауы қажет. Тұрғын үй құрылысының мерзімі кредит берілген сәттен бастап 12 айдан аспауы тиіс.
– «Дипломмен ауылға» жобасына автоматтандыру жүргізіліп жатыр. Маман өтінішті электронды форматта қалай бере алады?
– Маман «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінде өзінің ЭЦҚ арқылы өтініш береді. Қандай әлеуметтік қолдау шаралары қажет екенін таңдайды. Яғни, көтерме жәрдемақы ғана немесе бюджеттік кредитпен бірге қажет пе екенін таңдайды. Тиісті ақпараттық жүйелерден тізбеге сәйкес құжаттар алынады.
– Оралман мәртебесі бар азаматтарға (этникалық қазақтар) әлеуметтік қолдау шараларын алуға бола ма?
– Егер оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса, олар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын ала алады.
Бюджеттік заңнамаға (ҚР Бюджеттік кодексі, 178-бап) сәйкес түпкілікті қарыз алушылар Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін екенін атап өткім келеді.
– Маман көрші ауылдан емес, міндетті түрде қаладан келуі керек пе?
– Негізгі өлшемшарт – маманның келу орнына қарамастан, ауылдық елді мекенде жұмыс істеуге және тұруға деген ниетінің болуы.
– Егер жеңілдікті несие алған адам ауылдан 3 жылдан ерте кетуді шешсе, ол нені төлеуге/орындауға міндетті?
– Бұл мәселе әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған Келісімге сәйкес шешіледі. Өндірістік жағдайларға байланысты немесе әкімшіліктің (әкімдіктің) бастамасы бойынша үш жыл мерзім өткенге дейін басқа ауылдық елді мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекен шегінде) жұмысқа ауыстырылған кезде алынған әлеуметтік қолдау шараларына маманның құқығы сақталады. Сонымен бірге онымен қосымша келісім жасалады. Егер маман өз бастамасы бойынша, әкімдіктің келісімінсіз, белгіленген мерзімнен аз жұмыс істесе, онда ол ұсынылған әлеуметтік қолдау шараларын толық көлемде қайтаруға тиіс.
– Өтінімді қарау және жеңілдікті несие беру мерзімі қандай?
– Өзектендірілген Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері әкімшіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 6 жұмыс күнін құрайды. (Бұрын көтерме жәрдемақы төлеу – 27 жұмыс күні ішінде, тұрғын үйге бюджеттік кредит төлеу – 47 жұмыс күні ішінде болған).
– «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қай жылға дейін болады?
– «Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуының барлық кезеңінде, әсіресе ауыл жастары арасында өзектілігін жоғалтпай отыр. Сонымен бірге, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңында жобаны іске асыру мерзімдері регламенттелмеген.
– Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі не үшін қажет? Егер менің мамандығым бұл тізбеде болмаса, мен әлеуметтік қолдау шараларын ала аламын ба?
– Белгілі бір салада кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін әкімдіктерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Бұл тізбе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады. Бұл тізбе алдағы кезеңге тиісті салада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін мамандықтар санаттарын айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, өтінішті уақытылы бермеген немесе қаржыландырудың болмауы себебінен әлеуметтік қолдау шараларын ала алмаған білікті сала мамандары (мамандандырылған салалық дәрігерлер, шет тілдері мұғалімдері). Осы норманы енгізгенге дейін Қағидаларда мұндай мүмкіндік болмады және әлеуметтік қолдау шараларын жылдың басында өтініш берген мамандар ғана алды. Алайда, бұл тізбеге ағымдағы жағдайға қарай өзгеріс¬тер енгізілуі мүмкін (қосымша ақша бөлу, басқа мамандардан бас тарту және т.б.).
– Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қолдау шараларын алуға мүмкіндігі бар ма?
– 2020 жылғы 30 қыркүйекте «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы қабылданды. Көрсетілген Қағидаларға сәйкес 2020 жылғы 17 қазаннан (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң) кейін жұмысқа орналасқан ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері әлеуметтік қолдау шараларын алуға құқылы.
– Жеке ұйымдардың қызметкерлеріне (мысалы, ЖШС, ЖК және т.б.) көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде шаралар ұсынылуы мүмкін бе?
– Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларында (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрық) сәйкес маманның жұмыс істейтін ұйымның меншік нысаны реттелмеген. Осыған байланысты жеке ұйымдарда жұмыс істейтін мамандар әлеуметтік қолдау шараларын алуға өтінім бере алады.
– Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша құжаттарды қайда тапсыру керек?
– Сізге әлеуметтік қолдау шара¬ларын ұсыну, кезекке қою немесе қоймау мәселесін қарау үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) арқылы толық құжаттармен электрондық форматта хабарласуды ұсынамыз.