Kyzylorda-news.kz. Бүгін Мемлекет басшысы Президенті, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен кезектен тыс XXII съезд ел үшін маңызды жаңалықтармен ерекшеленді. Мемлекет басшысының аз уақыттың ішінде өткізген съезд жұмысы көптеген сұрақтарға жауап болды десек де болады. Партияның құрылған күніне қарсы өткізілген жиында халықтың біраз дүниелерді күткені жасырын емес. Партия төрағасы жұмысты жандандыру үшін «қағазбастылық» пен «қолмен басқару» тәжірибесінен үзілді-кесілді бас тартуды тапсырды.

Барлық деңгейдегі мәслихат және мәжіліс депутаттарының жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл дегеніміз қоғамдағы мәселелер көшеде немесе әлеуметтік желіде талқылан емес. Мәселелер арнайы фракция отырысында талқыланып, тиісті шешімдер қабылдануы керек. Алдағы уақытта елді-мекендерді аралап көшпелі кездесулер, қоғамдық қабылдаулар өткізілетін болады. Мұндай шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, мәселелерді шешуді тездетуге және әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді.

Партияның атын «Аманат» атауымен өзгеруі үлкен жауапкершілікті жүктейді. Мағынасы терең, халқымыздың тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алады. Ол бабаларымыз өсиет еткен тәуелсіздіктің мәңгі арман-мұраты, қуатты мемлекеттіліктің және жалпыұлттық тұтастықтың, кең-байтақ Отанымыздың құндылығы ретінде сипатталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы әрбір істеріне қолдау білдіремін.

Қаншагүл Мұстафаева,

“Nur Otan” партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Тағы да оқыңыз: