Мемлекет Басшысының Жолдауында инвестициялық климатты жақсарту, инвестиция тарту және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша нақты міндеттер қойылған.

Осы тапсырмалар аясында Қызылорда облысында экономиканы әртараптандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда.

FB_IMG_1773954662425.jpg

2025 жылғы қазан айында Астана қаласында өткен «Kazakhstan Global Investment Round» (KGIR-2025) форумында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қызылорда облысы әкімдігі және Harvest Agro компаниясы арасында өңірде агроиндустриялық кластер құру жобасын жүзеге асыру үшін үшжақты негіздемелік келісімге қол қойылған болатын.

Аталған жоба Мемлекет басшысының қазан айындағы Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде жаңа инвестициялық жобалар қатарында таныстырылды. Осыған орай, былтырғы жылдың қараша айында облыс әкімі бастаған делегация Швейцарияға арнайы іссапармен барып, швейцариялық «Harvest Group» компаниясының басшысы Алмаз Альсеновпен кездесіп, өңірде заманауи агроиндустриялық кластер құру жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Нәтижесінде, жобаны іске асыру үшін Жалағаш және Сырдария аудандарынан 22,5 мың жер учаскесі беріліп, бүгінгі күні 7,5 мың га жер учаскесі тегістелді. Сондай-ақ, 35 жаңбырлатып суару жабдығы орнатылып, центрпивотты жаңбырлатқыш машиналар қолданылуда, бұл жұмыстарға 300 адам уақытша жұмыс орнымен қамтылған.

Жобаға 68 млрд теңге шетелдік инвестиция тартылады, жүзеге асқанда 150-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Жоба екі кезеңнен жүзеге асырылады: бірінші кезең 2026 жылға, ал екінші кезең 2027 жылға жоспарланған. Жоба толық қуатына шыққанда жыл сайын 70 мың тонна жүгері, 42 мың тоннаға дейін техникалық қарасора және 20 мың тонна соя өндіру жоспарланып отыр.

Атап өту қажет, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде күріш алқаптарын кезең-кезеңімен қысқартып, суармалы суды аз қажет ететін дақылдарға көшу және су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.
Осы бағытта жүгері егістігінің көлемін ұлғайтуға басымдық берілуде. Өткен жылы облыста 1 700 гектарға жүгері егілсе, биыл 10 мың гектарға жеткізілуі күтілуде. Оның ішінде «Харвест Агро» компаниясы жаңбырлатып суару технологиясын пайдалану арқылы 7 мың га жерге жүгері егеді.

Бұл жоба өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, өңір экономикасын әртараптандыруға, агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына және жаңа өндірістік мүмкіндіктердің қалыптасуына жол ашады.


FB_IMG_1773954677940.jpg

Тағы да оқыңыз: