Бүгінде Жалағаш ауданының көркі күн артқан сайын артып келуде. Айналаға отырғызылған гүлдер мен жасыл ағаштар аудан көркін еселеп арттыруға себеп болуда. Қоршаған ортамыздың тазалығына бір кісідей атсалысу барша тұрғындардың басты міндеті болып саналады. Осы орайда, «Amanat» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Amanat» партиясының «TazaLike» жобасыда азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру және ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамытуға бағытталған.

Жалағаш кенті орталығындағы «Тағзым аллеясы» саябағында ұйымдастырылған шарада қураған талдарды шабу, талдарды бірлеу, тазалау жұмыстары жүргізілді.

Қоршаған ортаның тазалығы адамның денсаулығына пайдалы екені өз алдына, оның көңіл күйдің көтеріңкі болуына да жағымды әсер ететіні рас. Сондықтан біз атқарып жатқан шара тұрғындарға тазалық қана емес, сонымен қатар көтеріңкі көңіл де сыйлайды деп сенеміз» – деді партия филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ.

Бүгінгі ұйымдастырылған тазалық шарасына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ, партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихаттағы партияның фракция мүшелері, «Жастар Рухы» ЖҚ мүшелері және Жалағаш кенті орталығындағы бастауыш партия ұйымының өкілдері қатысты.

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, білім бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық полиция бөлімімен бірге 24-25 мамыр аралығында түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. 

Жалағаш кентіндегі халық көп шоғырланатын орындар мен ойын-сауық орталықтарында нысан иесі мен тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 

Әсіресе, мектеп бітіруші түлектердің және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстардың маңызы зор. Өйткені, мәселемен күрескеннен алдын алған абзалырақ екені белгілі.

Бала тәрбиесінде, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мұғалімдер ғана емес, ең алдымен ата-ана жауапты. Сондықтан әрбір ата-ана жауапкершіліктен жалтармай, балаларының тәртібін қадағалап, үнемі бақылауда ұстауы және төмендегі ескертпені назарға алуы керек. 

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы - заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады. 

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

Тағы да оқыңыз: