Kyzylorda-news.kz  Өткен сенбіде Жалағаш ауданы бойынша жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілік барысында аудандағы барлық мекеме ұжымы бөлінген аумақтарды, көшелерді, жол жиегіндегі арықтарды күл-қоқыстан арылтып, тазалық жұмыстарының қарқын алуына үлесін қосты. 

«Тазалық иманнан» деп білетін қа­зақ ежелден Жер-Ананы қадірлеп, қас­терлей білген. Қоқысты адам аяғы баспайтын алысқа тастап, «бір тал кессең, он тал ек» деп ұрандатқан да біздің ата-бабаларымыз. Тазалыққа тек мемлекет тарапынан ғана көңіл бөлінеді дей алмаймыз, жергілікті тұр­ғын­дар да тазалыққа тастай та­лап керек екенін түсініп, қоршаған ортаның көгалдануына, көркеюіне атсалысып, дағдыланып келеді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов бө­лінген аумақтар бойынша жергілікті жерге бейімделген көшеттерді ба­рын­ша көп егу қажеттігін айтты. 

Сондай-ақ егілген талдарды күтіп бап­тау, арықтарға су келтіру, арнайы қоршаулар орнату жұмыстарын ұйым­­­­дастыруды тапсырды. Сен­бі­лікте жа­байы шөптер шабылып, қу­ра­ған талдар кесілді. Аяқ су жүретін арықтар қоқыс пен жапырақтардан тазартылды.

Жиналған қоқыстарды шығаруға кент бойынша жауапты мердігердің, ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтардың техникалары жұ­мыл­дырылды. 13,5 тоннаға жуық күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды. Кент пен ауылдық округ­тердегі талдар мен бор­дюрларды әктеу, парктер мен аллея­ларды та­залау жұмыстары жүргізілді. 

Жап­пай сенбілік жұмыстарына ау­дан бойынша 142 мекемеден 1450-ге жуық адам қа­­­тысып, 12 дана техника жұмыл­дырылды.

– Қазір тазалықты сақтауда бәріміз бір кісідей араласып жатқанымыз рас. Бірақ өкініштісі, сол еңбекпен жи­нал­ған көшелерден бос, иесіз жүрген жануарларды көреміз. Оларды жайы­лымға қараусыз жібереді. Иә, төрт түлікті асырау қанымызға сіңген ша­руашылықтың түрі екені белгілі. Алайда иесіне тапсырып, жайылым­дар­ға тура баруын қадағалау қажет. Себебі жануарларды бос жіберу кент тазалығына немқұрайлық та­ныту бо­лып табылады. Жануарлар қа­рау­­сыз жүргеннен кейін аллеяларда, парк­терде, тіпті орталық алаңға да кіріп, тазаланған орындарды бүл­діріп кетеді. Халық болып тазартқан ау­ламыз қай­та бүлініп, шашылып қалмаса екен деймін. Әр адам та­за­лықты сақ­тауды, аудан жағдайын жақ­сартуды өз міндеті, парызы етіп алу қажет. Сонда ғана мұндай жағ­дайларға жол бер­мейміз, – дейді кент тұрғыны Мәншүк Нұрмаханова.

Жалпы халық үшін көтерілген бас­та­маларды жүзеге асыруда жала­ғаштықтар бүгінгідей жұмыла іс қы­­лудан танбаса, ауданның көркейіп-көгал­дануына әрбіріміздің қосқан үле­сіміз болар еді. Сонда күн санап көр­кейіп келе жатқан кентіміз де аз ғана уақыттың ішінде шырайланып шығар еді. Ал көшеде иесіз тентіреп жүрген жануарлар әлі де болса ше­шілмеген мәселелердің қатарында болып тұр...

Тағы да оқыңыз: