Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту мақсатында бірқатар тындырымды жұмыстар атқарылуда. Күн тәртібінен түспейтін мардымды жұмыстың бірі – елді мекендердегі электр желілерін қайта жаңғырту. Бұл мәселеде бүгінде кезең-кезеңімен іске асырылып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Аудан бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы – 457,5 шақырым, электр жүйелерінің орташа тозу деңгейі – 45,2 пайызды құрайды. 2023 жылы Ақсу, Қаракеткен елді мекендерінің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен 270,3 млн. теңге бөлініп, желтоқсан айында пайдалануға берілді.
Ал биыл Мырзабай ахун, Т.Жүргенов, Аламесек елді мекендерінің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына 915 млн теңге бөлінген. Бүгінде Т.Жүргенов ауылында мердігер мекеме «Энергомера» ЖШС арқылы электрмен жабдықтау жұмыстары басталған. Жобаның сметалық құны – 423, 871 млн теңге. Оның ішінде құрылыстың сметалық құны – 288, 542 млн теңгені құрайды, жабдықтар – 66, 405 млн теңге. Ал басқа жұмыстар мен шығындар 68, 923 млн теңгені құраған. Желінің ұзындығы ВЛЗ-10 кВ 7 729 м, КЛ-10 кВ 200 м, ВЛИ-0,4 кВ 20 271 метрді құрайды. Қазіргі таңда жоспарланған 314 тұрғын үй тұсына бағана орнату жұмыстары жүргізілуде. 6 айда Т.Жүргенов ауылының тұрғын үй секторларын электрмен жабдықтау жұмыстары толық аяқталады.
Ал Мырзабай ахун елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысының жоба құны – 148,4 млн теңге. Мердігер мекеме – «НұрайАқжолРГ» ЖШС. Қазіргі таңда бұл елді мекенқұрылысын монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ал Есет батыр елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысының жоба құны – 338,8 млн теңге. Мердігер мекеме – «Сәт Сервис» ЖШС.
Электр жүйесінің тозу деңгейі 25 пайызға азайту мақсатында Жалағаш кенті, Еңбек, және М.Шаменов елді мекендерінің электр жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу демеушілік есебінен жүргізілмек.
Мұнан бөлек, алдағы уақытта кент пен елді мекендерде бірқатар жарқын жобалар жүзеге аспақ. Мәселен, Қаракеткен елді мекеніне 150 орындық ауылдық клуб құрылысына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, жоба толығымен сараптамадан өткізілген. Жоба құны – 639,2 млн теңге.
Мұнан бөлек, кенттегі «Ақтерек» учаскесінде тұрғын үй секторының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымы (ПС-35/10 кВ электрмен жабдықтау желісінің қосалқы станциясы-2 кезең қосалқы станциясы) құрылысының жоба-сметалық құжаттарын әзірленіп, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылған. Жоба құны – 1 млрд 73 млн теңге.
Жаңаталап елді мекеніне 100 орындық ауылдық клуб құрылысына жоба-сметалық құжаттар әзірленген. Жоба құны – 460,0 млн. теңге.
Сонымен қатар Аламесек ауылдық округі, Есет батыр елді мекеніне ауыз су жүйесін жаңғырту және кеңейту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, жобалаушы мекеме «КазГражданстройПроект» ЖШС-і жоба сараптамадан өткен. Жоба құны – 391,8 млн теңге.
Ал Аққыр ауылдық округіндегі «Аққыр» каналын қазу құрылысына жобасының құны – 560,5 млн.тенге.
Сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін жаңа тұрғын үйлерді сатып алу бойынша да бірқатар жұмыстар бір жолға қойылған.Азаматтарды баспанамен қамтамасыз етіп олардың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартып халықтың даму мақсатында 2024 жылға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 5 тұрғын үйлер сатып алуға 63,6 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда кент орталығында 5 тұрғын үйлерді сатып алуға байланысты жұмыстар жүргізілуде.