Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданында соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында серпін қалыптасқан. Биылдың өзінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2863 бірлікті құраса, нақты жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2726 бірлікке жетіп отыр. Жалағаш аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жасұлан Дүйсекеев тұрғындардың кәсіп бастауға ынтасы жоғары екенін айтады.

Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылы негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 20 млрд. 400 млн. теңгеге орындалады деп жоспарланған. Сәуірге дейін 5 млрд. 429,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,1 пайызға орындалып отыр.

2024 жылға 32 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдерін өндіру жоспарланып, 2 айда өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 5 млрд. 775,0 млн. теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 102,2 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі бойынша 8 млрд. теңгеге өнім өңдеу жоспарланып, 1 сәуірге 2 млрд. 252,0 млн. теңгенінің өнімі өңдіріліп, 372,8 пайызды құрады. Сонымен қатар, бөлшек сауда айналымының көлемі 2024 жылғы 4 млрд. теңгеге жоспарланса, сәуірге дейін 774,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,4 пайызға орындалды.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында аудан бойынша жыл басынан бері 21 жоба 557,7 млн. теңгеге қаржыландырылса, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар арқылы несие алуға бүгінгі күнге 60 адам өз өтінішін білдірген. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Осыған дейін «Аграрлы Несие Корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалының жеке қаражаты есебінен 18 жоба 547,7 млн. теңгеге, «Қызылорда» Өңірлік инвестциялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 3 жоба 10,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылы жеңілдетілген 2,5 пайыздық «Ауыл аманаты» жобасы аясында Жалағаш ауданы бойынша «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы өндіріс, асыл тұқымды мал шаруашылығы, қызмет көрсету, өсімдік шаруашылығы бағытында 2023 жылы 179,7 млн. теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылды. Атап айтар болсақ, өңдеу саласы бойынша 7 жоба 50,3 млн. теңге, өсімдік саласы бойынша 6 жоба 47,2 млн. теңгеге, техника сатып алуға 5 жоба 36,0 млн. теңгеге, асыл тұқымды мал шаруашылығы 3 жоба және басқа да салалар бойынша 1 жоба 7,6 млн теңгеге қаржыландырылған.  Биыл аталған жобалар өз жемісін береді деп күтілуде. Қолдау тапқан жобалардың 11-і Жалағаш кентіне, біреуі Таң ауылына, біреуі Жаңаталап елді мекеніне, екі жоба Мақпалкөл ауылдық округіне, бір жоба Бұқарбай батыр ауылына, тағы бір жоба Еңбек ауылына, екі жоба Жаңадария ауылдық округіне, 2 жоба Аламесек елді мекеніне және бір жоба Аққыр ауылына тиесілі. Бұдан ауылдық елді мекендерде де кәсіпкерліктің қарқынды дамып жатқанын аңғару қиын емес. Әсіресе олардың қатарында шалғайдағы елді мекендер тұрғындарының да үлесі болғаны қуантады.

Биылғы жылы да «Ауыл аманаты» жобасына түсіндірме жұмыстары кең көлемде тұрақты  түрде жүргізілуде. Бұдан бөлек, 2023 жылы жыл көлемінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы және жеке қаражаттары есебінен жалпы құны 1 млрд. 701 млн. теңгені құрайтын 16 жоба іске қосылып, 76 адам жұмыспен қамтылса, биылғы жылы жалпы құны 1 млрд. 220 млн. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылып, 46 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Олардың қатарында жеке кәсіпкер Ш.Серіковтың 1000 басқа арналған құс фермасы бар. Жоба құны 20,0 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын іске қосылса, 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жеке кәсіпкер Е.Кайповтың сауда орталығы да қаржылай қолдау тапқан. Жоба құны 100,0 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын іске қосылса, 5 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.

Мұнан бөлек жеке кәсіпкер Д.Ержановтың «Күріш ақтау және жем өндіру зауыты» да мемлекеттен қолдау тапқан кәсіпорындар қатарында. Жоба құны 500,0 млн. теңгені құрайды. Күріш ақтау цехы іске қосылса, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтымақ. Ал жеке кәсіпкер Н.Пірәлінің «асфальт-бетон өндіру зауыты» бұйыртса 15 адамды жұмыспен қамтымақ. Жоба құны 500,0 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ кәсіпкер Б.Ахметованың «Далида-2» сауда орталығының құрылысы да қарқынды жүруде. Жоба құны 100,0 млн. теңге. Орталық іске қосылса, қосымша бірнеше жұмыс көзі ашылмақ.

Сонымен қатар, 2023 жылы өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында 1 млрд. 30 млн. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды. Оның бірі – «АВ-AGRO» ЖШС-нің құны 500,0 млн. тенгені құрайтын тәулігіне 30 тонна күріш ақтау және жем өндіру зауыты. Жоба толықтай іске қосылып, алдағы уақытта тәулігіне 30 тонна ақ күріш шығарып, 5 тонна жем өндіретін болады. 5 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ «Бағдаулет-57» фермер қожалығының жалпы құны 530,0 млн. теңгені құрайтын «100 бас ірі қара малына арналған сүт фермасы». «Аграрлы несие корпарациясы» АҚ арқылы 364,0 млн. теңге несие қаражаты, жеке қаражат есебінен 166 млн. теңге қаралған. Чехия мемлекетінен 96 бас ірі қара малы әкелінді. Қазіргі таңда шет елден әкелінген сиырлары төлдеп жатыр, сауынға тұрғаннан кейін жоба толық іске қосылып, тәулігіне 3000 литр сүтті өңдеп, өнім шығаратын болады. 10 жаңа жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған Бірыңғай Жалпыұлттық жобалар пулы, Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған жобалар пулы, Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында ағымдағы жылы Жалағаш ауданы бойынша жеке кәсіпкер Ержанов Дастанның жеке қаражаты есебінен құны  500 млн. теңге болатын «Күріш ақтау және жем өндіру зауыты» жобасы жыл соңына дейін іске қосылып, жаңадан 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады. Қазіргі таңда тиісті құжаттары заңға сәйкес рәсімделуде. 

Сонымен қатар «УНО-ПРОФ Строй» ЖШС-ның құны 500,0 млн. теңгені құрайтын «Асфальт-бетон өндіру зауыты» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Жоба іске қосылған уақытта жаңадан 15 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Бүгінгі күнге аталған жобаны орналдастыру үшін Бұқарбай батыр ауылдық округінен 5,5 гектар берілді. Сондай-ақ қыш өндіру зауытымен балық өндіру жобаларын іске асырылады, қазіргі таңда барлық жоба жан-жақты зерттелуде.

Тағы да оқыңыз: