Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жалағаш аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстан Республикасы жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай дзюдодан 2011-2012 жылы туылған және 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнир болып өтті.

Турнирдің ашылуында аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлерінің қоғамдық кеңесі бірлестігінің төрағасы Мұрат Алдабергенов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жасөспірімдер арасында 20 салмақ дәрежесінде өткізілген жарысқа облыс көлемінен командалар қатысып, әр өңірден келген кіл мықтылар жасыл кілемде белдесті.

Жарыстың нәтижесі бойынша командалық есепте І орынды Жалағаш ауданы спортшылары, ІІ орынды Қармақшы ауданынан келген жас спортшылар және ІІІ орынды Қыран спорт клубының спортшылары иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен команда жетекшілеріне қаржылай сыйлықтар табысталып, дипломдармен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: