Kyzylorda-news.kz. Бүгінде ауданның автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 240,9 шақырымды құрайды. Оның 50 шақырым республикалық, 60,6 шақырымы облыстық, 130,3 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 113,7 шақырымы немесе 87,3% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 16,6 шақырымы немесе 12,7% қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Жалағаш ауданы бойынша ұзындығы 239,4 шақырымды құрайтын 222 көше бар. Оның 177,8 шақырымы немесе 74% қанағаттанарлық, 52,8 шқ немесе 26% қанағаттанарлықсыз жағдайда. 2024 жылға жол жөндеу бағытында құны 7млрд. 558,0млн. теңгені құрайтын 24 жобаны (5 жол, 93 көше, 1 көпір) қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінімдер тапсырылды.
Оның ішінде, 2024 жылға бекітілген облыстық бюджеттен жол жөндеу бағытында 1млрд 594,2млн.теңге қаралып, бірқатар жобалар қаржыландырылды. Мәселен, ұзындығы 3,7 шақырым құрайтын «Жаңақоныс-Таң» аудандық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстарына облыстық бюджеттен 287,6 млн.теңге қаралды.
Одан бөлек, жалпы ұзындығы 2,0 шақырым құрайтын «Таң-Самұрат» аудандық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялауға 118,8 млн.теңге облыстық бюджеттен қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Сондай-ақ ұзындығы 1,3 шақырым құрайтын «Самара-Шымкент-Жосалы-Жалағаш-М.Шаменов» аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 305,1 млн.теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Жоба құны 403,2 млн.теңге құрайтын Бұқарбай батыр ауылының 11 көшесінің құралысы жұмыстарына 50,0 млн.теңге республикалық бюджеттен қаралып, конкурс нәтижесімен мердігер мекеме «Қыран» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі күнге келісім шарт жасалды. Жетіспейтін қаржы 333,2 млн.теңге. Техникалық қадағалаушы «SD Проект Консалтинг» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Мекен и К» ЖШС.
Жалпы ұзындығы 4,0 шақырым құрайтын Есет батыр ауылының 5 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 545,8 млн.теңге қаралып, конкурс нәтижесімен медігер мекеме «Ақтоған» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі күнге келісім шарт жасалды. Техникалық қадағалаушы «SD Проект Консалтинг» ЖШС. Авторлық қадағалаушымен шарт бір көзден отырылады.
Былтыр жалпы құны 457,1 млн.теңге құрайтын Аққұм ауылының 10 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына 147,0 млн.теңге бөлініп, 2 көшеге асфальт жабыны төселген болатын. Жоба 2024 жылға өтпелі. Биылғы жылы жобаны толық аяқтауға облыстық бюджеттен жетіспейтін 286,8 млн.теңге бөлінген. Мердігер мекеме «Ақтоған» ЖШС, техника қадағалаушы «Тұран құрылыс» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Инженерные изыскания и К» ЖШС.
Аудан бюджетінен бөлінген 17,0млн.теңгеге апатты деп танылған 2 көпірге қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірленуде. Толығырақ тоқталып өтсек, биыл «Самара-Шымкент-Мәдениет-Т.Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр» аудандық маңызы бар автомобиль жолының бойындағы «Қорқытбай» каналының көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына 7,5млн.теңге қаралып, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Проинсет» ЖШС.
Одан бөлек, «Самара-Шымкент-Мәдениет-Т.Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр» аудандық маңызы бар автомобиль жолының бойындағы «Пірман» каналының көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына 8,4млн.теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Мұнан бөлек, биылғы жылы газдандыру бағытында 1 млрд 298 млн теңгені құрайтын 6 жобаны қаржыландыру үшін облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған.
Оның ішінде, 2024 жылға бекітілген облыстық бюджеттен газдандыру бағытына 237 млн теңге қаралып, бірқатар жобалар қаржыландырылды. Атап айтқанда, жоба құны 684,1млн.теңге құрайтын М.Шаменов елді мекенін газдандыру жұмыстарына 2023 жылы облыстық бюджеттен 63.8млн теңге бөлініп, қаржы шегінде тиісті жұмыстары жүргізілген болатын.
Биыл ұлттық қордан 100млн теңге, облыстық бюджеттен 4,5млн.теңге қаралып, бүгінгі күнге жоғары қысымды газ құбырын тарту жұмыстарының 80 пайызы орындалды. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Нұрай сервис» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Жамбылагрогазпроект» ЖШС. Жоба құны 545,2млн.теңге құрайтын Ақсу елді мекенін газдандыру 2023 жылы облыстық бюджеттен 20,0млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар атқарылған болатын.
2024 жылға құрылыс монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшін ұлттық қордан 100 млн теңге, облыстық бюджеттен 31,7млн теңге бөлініп, қазіргі таңда орта қысымды газ құбыры тартылуда. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Нұрай сервис» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Прикаспийское управление строительства-Шымкент» ЖШС.
Сонымен қатар, жоба құны 6,5 млн теңге құрайтын Жалағаш кентіндегі «Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі» КММ-сі (Қазіргі кент әкімі аппаратының ғимараты) ғимаратын табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен қаржы толық бөлініп, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Р и А - Сервис ЛТД» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Раян и К» ЖШС, авторлық қадағалушы «СанжарПроектСервис» ЖШС.
«Жалағаш аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-сі ғимаратын табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты қайта жаңғырту жұмыстарын (жоба құны 19,4 млн теңге) бастау үшін аудандық бюджеттен 2,7 млн теңге бөлінді. Құрылыс монтаждау жұмыстары ақпан айында басталатын болады. Жобаны аяқтауға жетіспейтін қаржыға (15,7 млн теңге) облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шарушалық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.
Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі №123 мектеп-лицейін табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты реконструкциялау жұмыс жобасына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 3,528 мың теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды. Жоба құны – 27,0 млн теңге.
Жалағаш кентіндегі №246 орта мектепті табиғи газға ауыстыру жолымен қазандықты реконструкциялау жұмыс жобасына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 3,641 мың теңге бөлінді. Жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды. Жоба құны-15, 4 млн. теңге.
Елді мекендерді ауыз тумен қамту да күн тәртібінен түспеген өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, Таң елді мекенін шаруашылық - ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларын өндіруге арналған №2-Т барлау пайдалану ұңғымасын бұрғылап, салу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге МСА конкурсы рәсімдері жүргізілуде. Сондай-ақ Бұқарбай батыр елді мекенінде 1 дана (50 м³ - 8,4 млн теңге), Жаңаталап елді мекенінде 1 дана (25 м³ - 4,99 млн теңге), су мұнарасын сатып алу үшін облыстық энергетика және ТКШ басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.
Мұнан бөлек, Таң елді мекеніндегі А. Мықтыбаев, С. Сейфуллин, Ш. Уалиханов, Қарасу көшелерін жарықтандыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. Жоба құны 114,3 млн. теңге. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды. Одан бөлек, Қаракеткен елді-мекеніне аудандық маңыздағы кіре-беріс жолды жарықтандырудың құрылыс жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. Жоба құны 90,5 млн теңгені құрайды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды.
Көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу бүгінде оң шешімін тапты. Бұған дейін. ауданда 27 көппәтерлі тұрғын үйлердің 26-на күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет еткен болатын. 2014-2023 жылдар аралығында 10 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлер саны – 16. Бүгінгі күнге күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 8 көппәтерлі тұрғын үйдің 2-не (Т.Үркімбаев көшесі №1, №2 үй) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 5,8 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтер иелерінен келісім алынуда.