Kyzylorda-news.kz. Сырдария өзенінен көп мөлшерде су өтуіне байланысты келген су өзен арнасынан асып Қармақшы ауданы, Қызылтам елдімекені тұсындағы Далдабай, Қызылтам жолының су басу қаупі бар аумағына су жайылған.

Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін облыстық маңызы бар «Жалағаш-Жосалы» бағытындағы (Жосалыдан 43 км, Жалағаштан бері 31 км, Далдабай мен Қызылтам елді мекендерінің арасы) жол уақытша жабылды. Елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ. Қазір жауапты салалармен арнайы жұмыстар жүргізіліп, жағдай толық бақылауға алынғанын хабарлаймыз.

Айта кету керек, дария бетіндегі сең Қармақшы ауданы тұсына жетті.

Тағы да оқыңыз: