maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz Бүгін Жалағаш ауданының әкімі А.Ибраимов Жалағаш кентіндегі Шоңбай ақын көшесін аралап, көше тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. 

Аудан әкімімен кездескен тұрғындар Шоңбай ақын көшесін күрделі жөндеуден өткізіу мәселесін қозғады. 

Бұл ретте, аудан әкім Ардақ Ибраимов тұрғындардың ұсыныс-тілектеріне сәйкес ағымдағы жылы аталған көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінің жеткізіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ Жалағаш ауданының әкімі тұрғындармен кездесу кезінде көркейту-көгалдандыру жұмыстарына тұрғындар тарапынанда қолдау білдіруді сұрады. Айта кетейік биыл да көшелерді абаттандыру, жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасатын болады.

  • «Таза Қазақстан» акциясы барысында көршілермен де, туыстармен де бірігіп көше тазалығына көңіл бөліп жүрміз. Расында тазалық тұрғындардың өздеріне қажет нәрсе ғой, әркім тазалықты сол табалдырықтарынан бастаса ауданымызда таза аудандар қатарынан көрінетін еді. Сондықтан да барлық аудан тұрғындарын тазалық жұмыстарына ат салысуға шақырамыз. Бірігіп таза аудандардың қатарынан етейік, – дейді аудан тұрғыны Болат Аққасынов.

Иә, расымен бәріміз бірігіп, бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып, бір ауыздан тазалыққа үлес қоссақ, ауданымыздың көркеюіне ат салысушы едік.

Тағы да оқыңыз: