Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиев Жалағаш аудандық полиция бөлімінің және бөлімдегі жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың материалдық-техникалық жабдықталуын көрген аудан басшысы бейнебақылау жүйесінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.
Қазіргі таңда жедел басқару орталығы арқылы аудан аумағындағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі бақыланады. Орталыққа 102 бейнебақылау камерасы қосылған, оның 32-сі айналмалы камера. Бұл жүйе құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік береді.
Аудан әкімі құқық қорғау саласының жұмысын жетілдіру, бейнебақылау жүйесінің тиімділігін арттыру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар ұсынысын білдіріп, жедел басқару орталығының маңыздылығына тоқталды.

