Kyzylorda-news.kz Осы жылдың 11 сәуір күні білім бөлімінің жоспарына сәйкес кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді. 

Мәжіліске мектеп директорлары, директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директорының бастауыш оқыту жөніндегі орынбасарлары, директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасарлары, директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарлары және білім бөлімінің мамандары қатысты.

Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Атап айтқанда:

  1. Бірінші жарты жылдық бойынша әдістемелік жұмыстарға талдау жасалды;
  2. Жалпы білім беретін пәндік олимпиаданың қорытынды көрсеткіштері мен білім сапасы және жалпы орта білім беру ұйымдарын дамытудың нысаналы индикатор көрсеткіштері талданды;
  3. Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге байланысты дайындық жұмыстары қаралды;
  4. Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингі өтетін мектептердің дайындық жұмыстары ұйымдастырылды;
  5. Білім беру ұйымдарын зерделеу қорытындысы талданды;
  6. Педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша нормативтермен жұмыс жасаудың тәртібі қарастыцрылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша көрсеткіштер талданып, пікір алмасып, кешенді шараларды бекітуге байланысты тапсырмалар берілді.

Тағы да оқыңыз: