Kyzylorda-news.kz Бұл орталықтың құрылғанына көп уақыт болмаса да бұрын да «Жұмыспен қамту орталығы» деген аты бар-ды. Кейін оған «Мансап» деген жаңа ат берілді. Мұндағы мамандар әлеуметтің әлеуетін көтеруге саналы ғұмырын сарп етуде. Ғалымжан Телібаев басшылық ететін ұжымда ерлермен етене жүріп, әлеуметтік саланы көтеруге нәзікжандылар да қажырлы еңбек етуде. Орталықтың тыныс-тіршілігімен танысуға барғанымызда қарбалас жұмыстың куәсі болдық. 

Иә, есіктен енген қарашаның мұнда қай мақсатта келіп жатқаны айтпаса да түсінікті. Бірі жұмыс сұрап келсе, енді бірі басқа да әлеуметтік көмектерге құжат дайындаудың қамымен жүр. Ал мамандар қарапайым халыққа қалт­қысыз қызмет етуде. Орталық құзіре­тіндегі функцияларды уақытында орын­дайды. Басқа да жұмыстармен келген жұртқа бағыт сілтеп, кеңес беруден шаршамайды. 

Сыртынан қарап баға беру орын­сыз, әрине. Сондықтан келім-кетім адам­дардың саябырсығанын күту­ге ту­ра келді. Мақсат – орталық жұ­мы­сының негізгі бағыты жайында мұн­дағы маман­дармен диалог құру. Бір жағынан қазір мұнда ел қандай қыз­метке жүгініп келуде, жұмыс бары­сында түсініспеушіліктер бола ма, қа­ра­пайым халықтың тұрмыс сапасын жақ­сартуда нендей жобалар қолға алы­нуда? Осындай бірқатар сауалдың түйі­нін тарқату еді. 

Түске дейін келушілердің қатары көп болды, үзілісте үйіне жинала бастаған ма­мандардың екі сағат уақытын біз алдық. Бір қызығы, 15.00-де қайта келген халыққа қажырлы мамандар қабақ шыт­пай қызмет етуді қайта жалғастырды. «Ма­ман­­дыққа адалдық» деген осы шығар, сірә.

Орталық маманы Мәншүк Кенже­бекова қазір әлеуметтің әлеуетін көтеру мақсатында әзірленген түрлі мемлекеттік бағдарламалар барын айтады. Салада 10 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман бұл бір жағынан жұмыссыздық мәселесін ауыздықтауға үлкен сеп болып жатқанын айтады. Оның үстіне биыл еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырым­да­масы аясында әлеуметтік қолдау ша­­ралары қолға алынып жатыр екен. Жұ­мыс іздеп жүрген адамдар оның игі­лігін көру үшін осындағы тәжірибелі жұ­мысшылардың көмегіне жүгінеді.

– Жұмыс іздеп жүрген адамның жұ­мыссыз ретінде тіркелуі үшін «Мансап» орталығына келіп немесе enbek.kz сайты арқылы тіркелуге мүмкіндігі бар. Бұл оларға лайықты жұмыс та­буға кө­мектеседі және 3 жұмыс күн ішінде лайықты жұмыс болмаған жағ­дайда жұмыссыз мәртебесі беріледі. Жұ­мыссыз мәртебесі бар адамдар суб­сидияланатын жұмыс орындарына қа­­тыса алады. Атап айтқанда, әлеу­мет­тік жұмыс орындарына, жастар прак­тикасына, алғашқы жұмыс орнына және Ұрпақтар келісім-шартына жолда­ма алады, – дейді ол. 

Әлеуметтік жұмыс орындары – «Ман­­­сап» орталығымен шарт негі­зінде жұ­­мыссыздарды жұмысқа орна­лас­тыру үшін оларды жалақысын субси­диялау арқылы құратын жұмыс орны. Субсидияның бір айдағы мөлшері эко­логиялық үстемақылар бойынша тө­лем­дерді есепке алмағанда, салық­тарды, мін­детті әлеуметтік аударым­дарды, пай­­даланылмаған еңбек дема­лысы үшін өтемақыны ескергенде жұмыс­сыз­­дар үшін жалақының белгіленген мөл­­шерінің 35 пайызын құрайды. Бірақ 24 АЕК-ден аспайды. Оған 16 жас­­тан зейнеткерлік жасқа толғанға де­йінгі жұмыссыз ретінде тіркелген, бір кә­сіпті игергенін растайтын құжаты бар адамдар қатыса алады. Ал Жас­тар практикасы – техникалық және кә­сіп­тік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнының жұмыссыз түлектері меңгерген кәсібі бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын еңбек қызметінің түрі. Қатысу уақыты – 12 ай. Оған жасы 35-тен аспаған, 5 жыл ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бо­йынша оқу бітірген, меңгерген кәсіп бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жұ­мыссыз ретінде тіркелген адамдар қа­ты­са алады.

Алғашқы жұмыс орнына келсек, аты айтып тұрғандай, бұл – алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба. Қа­тысу ұзақ­тығы – 18 ай. Оған 35 жастан ас­паған, жұмыс тәжі­ри­бесі жоқ, бір кәсіпті игергенін рас­тайтын құжаты бар адамдар қатыса алады. Ал Ұрпақтар келісім-шарты – оқу орындарының жұ­мыс­сыз түлек­терін өздері алған кәсібі бойынша не­месе ұқсас кәсіп бо­йын­ша жұмысқа орна­ластырып, ке­йін бағытталған зей­нет­керлік жасқа тол­ған, жұмыс жасап жүрген жұмыскерді ал­мас­тыруға ар­налған жоба. Қатысу ұзақ­ты­ғы – 6 ай. Оған 35-тен аспаған, 3 жыл ішін­де техникалық және кәсіп­тік, орта бі­лімнен кейінгі, жоғары жә­не жоғары оқу орнынан кейінгі бағ­дар­ламалар бо­йынша оқу бітірген, бір кәсіпті игергенін рас­тайтын құжаты бар, жұмыссыз ретін­де тіркелген адам­дар қатыса алады.

Мұнан өзге де әлеуметтік жұмыс орын­дары бар. Олардың жұмыссыз азаматтар көмегін көруі үшін орталық мамандары қалтқысыз қызмет етуде. 

Салада 8 жылдан астам тәжірибесі бар Индира Құдабаева басқа да қо­ғамдық жұмыстарға ауданда екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтар жолданып жатқанын айтады. Сондай-ақ олардың осындай көмектерді тиімді пайдаланып жатқанына бақылауда да болады екен. Себебі бұған дейін ауданда түрлі мекемелерге, кәсіпорындар мен шаруашылықтарға жолданған адам­дар­­дың жұмыс жасамайтыны анық­тал­­ған. Оның өзі осындай бақылаудың арқа­­сында белгілі болған. 

Орталық маманы Айгерім Марат биыл да осындай адамдардың анық­талғанын айтады. Сондай-ақ ол мүмкін­дік берілді екен деп үйде жатып қолдауға ие болу орынсыз деп есептейді. 

– Кез келген салада бақылау болуы керек. Біз тек адамдарды мекемелерге жолдаумен шектелмейміз, расында біз жолдаған адамдар уақытында жұ­мыс­қа барып жүр ме, осы жағын да ба­қылаймыз. Егер заңсыздықтар орын ал­ған жағдайда біз келісім-шартты тоқ­татамыз. Себебі мемлекеттің әлеу­мет­тік салаға бөлген 1 тиынына дейін мақ­­сатты жұмсалуы керек. Бізге кө­біне адамдар қоғамдық жұмыстарға жіберсеңіз деп келеді. Барынша біз олар­дың өтінішін қабылдаймыз. Кейбір ме­кемелерге техникалық жұмыстарды жасауға жолдама беріңіз деп келетіндер де бар. Ол мекемелерде онсыз да ол жұмыстарды үйлестіруге арнайы штат қарастырылған. Сондай-ақ оны жүзеге асыратын адамдар тағы бар. Сондықтан ол жұмысты жүзеге асыруға біз қалай жолдамамен тағы адам жібереміз? Осы жағын да ойлаған дұрыс сияқты. Тағы да қайталап айтамын, мемлекеттен әлеу­­меттік саланы қолдауға бағыттал­ған әрбір қаражат мақсатты және тиім­ді жұмсалуы керек. Осындай жауап­кер­­шілікті негізгі міндет санағасын біз олқылыққа жол бере алмаймыз, – дейді ол. 

Айекеңнің бұл сөзін әріптестері Гүл­сара Жәнібекова, Гүлнұр Мақсұтова, Гүл­забида Ержанова, Гүлнұр Қалмано­ва мен Мая Алшоразова да құптады. Бі­рақ бұған қатысты басын­да түсініс­пеу­­шіліктер болғанын жасыр­майды. Мей­­лін­ше елге түсіндірме жұмыстарын жүр­гізіп, заңдылықтарын айқындап бе­руі­нің ар­қа­сын­да қазір бұған қатысты мә­селе шеші­мін табуда. 

Иә, олар халыққа қалтқысыз қызмет ете­ді, мейлінше әлеуетінің артуына, тұр­­­мыс сапасының жақсаруына сана­лы ғұмырын сарп етеді. Әлгіндей мә­се­­­лелердің халықпен ашық байла­ны­суы­ның арқасында шешімін табады. Бү­гінде осындай мәселелермен келуші­лер болды. Бірақ мамандар 10-15 минут тү­сіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақыл-кеңес беруінің арқасында олар да сөзге тоқтады.

Негізінен кез келген салада мәселе болады. Ал оның алдын алуда, ше­ші­міне жұмыс жасауда тәжірибелі ма­ман­­дар маңызды рөл атқарады. Бүгінгі орталық жұмысымен танысуда осыған көзіміз жетті. 

Тағы да оқыңыз: