Kyzylorda-news.kz 2024 жылы 16 сәуір күні Жалағаш аудан орталығында 20 мектептің әкімшілігі мен,психологтары, әлеуметтік педагогтар, тәлімгерлер барлығы 110 адам бас қосып, әдістемелік оқытуларға қатысты. 

«Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында Жалағаш ұстаздары «Менің бауырым» жобасының маңыздылығына тоқталып, мектептегі қауіпсіз , қолайлы ортаның әрі қарай дамуына бағыт -бағдарды анықтады; бала тәрбиесіне кім - қаншалықты әсер етеді , ата-аналарға ағарту жұмыстарын жүргізу жәйлы, әртүрлі форматта өтетін тәрбие жұмысына ерекше тоқталдық. 

Өзекті мәселе - қазіргі мектепте, отбасыда кейбір балалардың жәбірлеуіне, келеңсіз жағдайларға тап болуына қатысты әртүрлі әдістемелік тәсілдерді, әрі әрекеттердің уақытында тиимді жолдары қарастырылды.

Ата-аналарға педагогикалық қолдау ретінде Балалардың әл аухатын арттыру “Өркен” ұлттық ғылыми -практикалық институтының әзірленген әдістемелік туындылармен таныстырып, цифрлы платформадағы дайын көмекші ресурстардын пайдалануы көрсетілді. Сонымен қатар әр мектептің ата аналарын оқу-тәрбие үрдісіне белсенді қатысқанын, тиімділігін, балаларының тәрбиесіне тікелей жауапты болуына, отбасыдағы тәлім тәрбие беруге білімдерін - тәжірибелерін жетілдіріп, сомдаған іс шараларын байқадық! Әрине, бұл өте пайдалы, мағынасы үлкен жұмыс! 

Сыр елінің азаматтары әр балаға бауыр,дос,жанашыр болып, адамгершілік қасиеттерді , рухани құндылықтарымен қалыптасуына жол ашары сөзсіз.

Тағы да оқыңыз: