maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz 11 сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтің төрағалығымен қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Жалағаш ауданы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша Жалағаш кентінің әкімі М.Жамалатов хабарлама жасап, аудандық пробация қызметінің және полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі есебінде тұратын азаматтарды әлеуметтендіру, сондай-ақ оларды жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және квоталардың орындалуы туралы атап өтті.

Келесі мәселе бойынша ауылдық округі әкімдері баяндама жасап, есепте тұратын жазасын өтеп келген, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген азаматтармен атқарылған жұмыстар пысықталды. 

Жиын қорытындысы бойынша есепте тұрған адамдардың қайта қылмысқа бармауы, яғни әлеуметтендіру тиімділігін арттыру мақсатында аудандық пробация қызметі, аудандық полиция бөлімі және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен нақты іс-шараларды жүзеге асыру қажеттілігі айтылып, комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Тағы да оқыңыз: