Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданында соңғы жылдары құрылыс қарқын алып, ел ішіндегі тұралаған мәселелер шешімін табуда. Былтырдың өзінде қаншама отбасы баспаналаы болып, қоныс тойын тойлады. Жол құрылысы қарқынды жүріп, өңірдегі жол сапасының жақсаруы да нәтижелі жұмыстың барын аңғартса керек. Аудан бойынша құрылыс саласында атқарылған және әлі де атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде салаға жауапты бөлім басшысы Ғалымжан Қайнарбаев кеңінен тарқатып, мейлінше барлық жобаны сапалы әрі уақытында аяқтауға басымдық беріліп жатқанын айтты.
– Бөлім – белгілі құзырлық шегінде аудан бойынша құрылыс тарапында, мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға уәкілдік берілген мемлекеттік органы болып табылады. Жалпы 2024 жыл бөлім бюджеті 1 239,4 млн теңге болған. Оның ішінде 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы бюджет көлемі 296,3 млн теңгені құрайды. Игерілген қаржы көлемі 296,3 млн теңгеге жетті немесе 100 пайыз (ҚР ҰҚ – 270,8 млн теңге, АБ – 25,5 млн теңге). Біз мейлінше барлық жобаның уақытылы әрі сапалы жүзеге асуына басымдық береміз, – дейді Ғалымжан Қайнарбаев.
Айта кетейік, Жалағаш ауданында жыл басынан бері 3 нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Оның ішінде 2 нысанның бүгінде бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. (олар Есет батыр елді мекенінің тұрғын үй секторларының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (электр желілері) салу – 338,8 млн.теңге, мердігер мекеме «Сәт Сервис» ЖШС. Т.Жүргенов елді мекенінің тұрғын үй секторларының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (электр желілері ) салу - 435,1 млн теңге. мердігер мекеме «Энергомера» ЖШС.
Бір нысан бойынша келісім-шарт мемлекеттік сатып алу порталынан түзетулер енгізілуде. (Ол Мырзабай ахун елді мекенінің тұрғын үй секторларының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (электр желілері ) салу - 148,4 млн.теңге, мердігер мекеме «Нұрай Ақжол РГ» ЖШС.
Құрылыс монтаждау жұмыстар мерзімі - 6 ай. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айына нысандар толықтай пайдалануға беріледі.
Жалағаш кентіндегі дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары 2021 жылдан бері сақалды құрылыс болып, құрылыс жұмыстары аяқталмай отыр. Сәуір айында нысанды пайдалануға қабылдау жоспарланып отыр. Қалдық қаржы көлемі – 29,2 млн теңге.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін жаңа тұрғын үйлерді сатып алу жұмыстарына келсек, азаматтарды баспанамен қамтамасыз етіп, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, халықтың даму мақсатында 2023 жылға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 538,5 млн. теңге бөлініп, 51 тұрғын үйлер сатып алынып, кент әкімі аппаратының теңгеріміне өткізілген. 2024 жылға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 5 тұрғын үйлерді сатып алуға 63,5 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда жер телімін орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік сатып алу бойынша атқарылып жатқан жобаларды кеңінен тарқатсақ, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы қаңтар, ақпан, наурыз айларында конкурстар жарияланған. Олардың қатарында Жалағаш кентінде емдеу мекемелеріне (100 төсек/орындық орталық аурухана, 20 төсек/орындық жұқпалы аурулар аруханасы, аусымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана) жаңадан кәріз жүйесі құрылысы бар. Жоба құны – 1 млрд. 290 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ Жалағаш кенті, «Ақтерек» учаскесі 170 гектарға тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылым құрылысы (электрмен жабдықтау желілері-2 кезең, ПС-35/10 кВ қосалқы станция) нысаны құрылысы да бар. Жобаның жалпы құны – 1 млрд 72 млн.теңгені құрайды. Мұнан бөлек «Аламесек ауылдық округі, Есет батыр елді мекеніне ауыз су жүйесін жаңғырту және кеңейту» жұмыстары да бар. Жобаның жалпы құны-391,8 млн теңгеге жетіп отыр. Сонымен қатар, Аққыр ауылдық округіндегі «Аққыр» каналын қазу құрылысы да тізімнен табылады. Жобаның жалпы құны-542,4 млн. теңгені құрайды. Бөлім басшысы Ғалымжан Қайнарбаев Жалағаш ауданы, Аламесек ауылдық округі Есет батыр елді мекенінің дамыту және құрылысын салу схемасына түзету енгізу де жолданғанын айтады. Жобаның жалпы құны-10,1 млн теңгені құрайды екен. Сондай-ақ Жалағаш ауданы, Мәдениет елді мекенінің дамыту және құрылысын салу схемасына түзету енгізу де бар. Жобаның жалпы құны-11,0 млн теңгеге жеткен. Бұдан бөлек Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр елді мекенінің дамыту және құрылысын салу схемасына түзету енгізу де қатарда. Жобаның жалпы құны-10,4 млн теңгені құрап отыр. Соңғысы Жалағаш кентінің бас жоспарына түзету енгізу жобасы болып табылады. Жобаның жалпы құны-37,0 млн теңгені құрайды.
Жеке тұрғын үй құрылысына келсек, Жалағаш ауданында 2024 жылдың 3 айында 4355 шаршы метрді құрайтын 9 үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,9 пайызға өсім байқалып отыр. Кенттің сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп тұрған жеке меншік және кәсіпкерлік нысандарды қалыпқа келтіру мақсатында атқарылған жұмыстар да жоқ емес. Жалағаш ауданының орталығында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында, меншік иелеріне бөлім тарапынан әзірленген эскиздер ұсынылып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, кенттің сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп тұрған, ретсіз жатқан құрылыс материалдарын алып тастау барысында 30 меншік иесіне ескерту беріліп, ішкі істер бөлімі қызмектерлері арқылы 5 меншік иесіне айыппұл салынған. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табуда.
Ауданда шешімін таппай тұрған мәселелер де жоқ емес, Олардың қатарында Жалағаш кенті, «Ақтерек-170 га» гектарға инженерлік-инфрақұрылым құрылыстарын (тас жолдар) қаржыландыру мәселесі бар. Бұл жайында Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Жобаның жалпы құны – 2 млрд 506 млн. теңгені құрайды.
Жалпы құрылыс қарқын алған кез келген өңірде өсу де бар, даму да жоқ емес. Жалағаш ауданы соңғы жылдары құрылыс алаңына айналып, ауданда айтарлықтай мәселелер шешімін тапқан. Осының өзі жоғарыда сөзімізді қуаттайды.
