Kyzylorda-news.kz Комиссия отырысы «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің жаңа төрайымы Әбсатова Эльмира Маралханқызын таныстырудан басталды.

Ауданның кәсіпкерлік саласына үлес қосып келе жатқан, көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері, білікті ұстаз Эльмира Маралханқызының әйелдер қауымымен бірлесе атқаратын жұмысына комиссия төрағасы Сүлейменов Ғани Кенжеғараұлы сәттілік тілеп, сенім білдірді.

Бұдан кейін әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату, отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында мемлекет басшысы қол қойған заң талаптары түсіндіріліп, ақпараттандыру бағытында біршама тапсырмалар берілді.

Комиссияның күн тәртібіндегі мәселер бойынша Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында медициналық көмекті, профилактикалық жұмыстарды жетілдіру мәселері және аудан бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында «Жалағаш аудандық отбасын қолдау орталығы» мекемесінің атқарып жатқан жұмыстары қаралды.

​Жиын барысында атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар талқыланып, тиісті сала басшыларына, комиссия мүшелеріне тапсырмалар берілді.

​Комиссия отырысын қорытындылай келе комиссия төрағасы Ғани Кенжеғараұлы «ана мен бала денсаулығын, әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін қиындықтармен қоғам болып күресуіміз керек. Халқымыздың баянды болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі жарқын күні аналарымыздың мейірімді, балаларымыздың бақытты болуына тікелей байланысты» - деп атап көрсетті.

Тағы да оқыңыз: